Қоғам

Қорқаулар арыстанды жеуге келді, соңында өздері жем бола жаздады – видео

© Sputnik / Фотобанкке өтуАрыстан. Иллюстративті фото
Арыстан. Иллюстративті фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Yandex newsTelegram
Күтпеген жерден басқа бір арыстан пайда болады, екеуі қас-қағым сәтте жыртқыштарды қуып жібереді

АСТАНА, 30 қараша — Sputnik.  Дэвид Аттенбороның "Династия"деректі фильмдерінің жаңа топтамасында қорқаулар мен арыстанның шайқасы көрсетілді.  

Видеода  арыстан қорқаулардың торуылына тап болып, олардан қашып құтылуға тырысып жатқанын көруге болады, алайда әрбір айқас сайын күш жоғалтып, әбден діңкесі құриды. 

"Арыстанды қорқаулар қоршап алды… Оған ендігі кем дегенде 20  жыртқыш шабуыл жасап жатыр. Ол енді олардың үрейін ұшыра алмайды, тез шаршап қалып жатыр", — дейді Дэвид Аттенборо. 

Күтпеген жерден басқа бір арыстан пайда болады, екеуі қас-қағым сәтте  шабуылдаушыларды қуып жібереді.

Видео авторы атап өткендей, арыстанның "немере ағасы" көмекке уақытында келді. 


Жаңалықтар
0