Саясат

Назарбаев Зурабишвилиді Грузия президенті лауазымына сайлануымен құттықтады

© Sputnik / Александр Имедашвили / Медиабанкке өтуСаломе Зурабишвили
Саломе Зурабишвили - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Президент екі ел арасындағы достық пен түсінушілікке негізделген ынтымақтастық одан әрі нығая түсетініне сенім білдірді

АСТАНА, 30 қараша — Sputnik.  Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Саломе Зурабишвилиге Грузия президенті лауазымына сайлануына байланысты құттықтау жеделхатын жолдады.  

Мемлекет басшысы Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан Саломе Зурабишвилиді Грузия президенті лауазымына сайлануымен құттықтады, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі. 

Грузия - Sputnik Қазақстан
Экономика
Грузия үкіметі азаматтардың банктегі қарызын түгел жояды

"Өткен сайлаудағы жеңісіңіз – ел азаматтарының Сізге деген сенімі мен қолдауының, сондай-ақ Грузияның жаңа жетістіктері мен елдеріңіздің одан әрі өркендеуіне деген үмітін Сізбен байланыстыруының айқын дәлелі.

Елдеріміз арасындағы дәстүрлі достық пен түсінушілікке негізделген өзара тиімді ынтымақтастық халықтарымыздың игілігі үшін алдағы уақытта да нығая түсетініне кәміл сенемін", – делінген жеделхатта.

Нұрсұлтан Назарбаев Саломе Зурабишвилиге зор денсаулық, амандық, жауапты қызметіне – табыс, ал достас Грузия халқына – бақ-береке тіледі.

Жаңалықтар
0