Қоғам

Конькиге ақша жинап жүрген чемпион қыздың оқиғасы ешкім күтпеген жалғасын тапты

© Sputnik / Владимир Песня / Медиабанкке өтуМәнерлеп сырғанау
Мәнерлеп сырғанау - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Мәнерлеп сырғанаушының мұз айдынына арналған костюмін танымал қазақстандық дизайнер Құралай Нұрқаділова тігіп бермек

АСТАНА, 30 қараша — Sputnik. Мәнерлеп сырғанаудан чемпион Гүлжан Жұмаділова Startime краудфандинг алаңқайы арқылы конькиге ақша жинап жатқан болатын.

Жаңа қазақстандық жұп - Sputnik Қазақстан
Спорт
Мәнерлеп сырғанаудан жаңа жұп халықаралық турнирде Қазақстанның намысын қорғайды

Спортшы Мәскеуде жаттығады, құны 400 мың теңге тұратын жаңа конькиге қаражат таппай қиналыпты. Бір тәулік ішінде қазақстандықтар мәнерлеп сырғанаушы қызға 613 мың теңге жинап берді.

Бұдан бұрын Sputnik Қазақстан жазғандай, Гүлжан Жұмаділоваға жарысқа арналған костюм де қажет. Бұл жайында БАҚ-тан оқыған танымал қазақстандық дизайнер Құралай Нұрқаділова спортшы қызға көмек қолын ұсынды. Жыл соңында бойжеткен Алматы қаласына барып, модельермен кездеседі.

"Костюмнің үлгісі қандай болатынын ақылдасамыз. Гүлжанның идеяларын талқылау керек, мен қойылымдарын, дайындықтағы видеосын қарап, таңдаған музыкасын тыңдап көремін, осы қойылымдағы ішкі сезімін костюм арқылы жеткізуге тиіспіз. Әртүрлі эффект ойлап тапқанды жақсы көремін, мысалы, трансформация. Қызық дүние ойлап табарымыз сөзсіз", — дейді Құралай Нұрқаділова Sputnik Қазақстан тілшісіне телефон арқылы.

Мәнерлеп сырғанаушы киімін шешті - Sputnik Қазақстан
Видео
Мұз айдынындағы "стриптиз": мәнерлеп сырғанаушы қыз киімін шешті - видео

Sputnik Қазақстан тілшісі мәнерлеп сырғанаушының өзімен де тілдесті. Гүлжан Жұмаділова Алматыдағы спорттық мектептердің бірінде қашықтан білім алады, ал Мәскеуде жаттығып жүр екен.

Қарапайым отбасыдан шыққан Гүлжанды Ресей астанасына жіберу үшін әкесі көлігін сатуға мәжбүр болған. Ай сайын ата-анасы қыздың бапкеріне 150 мың теңге төлейді.

Спортшыға жарыстарда Ресейдің атынан қатысуға ұсыныс айтылыпты, бірақ Гүлжан Жұмаділова әрқашан Қазақстанның намысын ғана қорғаймын деп қабыл алған жоқ.

Жаңалықтар
0