Спорт

Жұлдызды кездесу: Головкин Мессиге алтын түстес қолғап сыйлады - видео

© Sputnik / Тимур БатыршинГеннадий Головкин
Геннадий Головкин - Sputnik Қазақстан
Жазылу
НовостиTelegram
Қазақстандық боксшы аргентиналық футболшыны құшақтап, сәттілік тіледі

АСТАНА, 30 қараша — Sputnik. Әлемдік бокс жұлдызы, қазақстандық Геннадий Головкин өзінің қолғабын Аргентина құрамасының капитаны, қазіргі заманғы ең танымал футболшылардың бірі Лионель Мессиге сыйлады.

Қос спортшының кездесуі Барселона қаласында өткен, онда Месси Sirin Labs швейцариялық-израильдік компанияның амбассадоры ретінде Finney алғашқы блокчейн-смартфонын жұртшылыққа таныстырған.

Видеода спортшылар ұзақ сөйлескен жоқ, бар болғаны бір-екі ауыз сөз айтып, естелік суретке түсті. Содан соң GGG Мессиге сыйлық ретінде өзінің алтын түстес қолғабын ұсынды.

"Сәттілік әкелсін", — деп Головкин  Мессиді құшақтады.

Жаңа өнертабыс Finney криптоиндустрияның негізін қалаушылардың бірі  Хэл Финнидің есімімен аталған. Смартфон 15 желтоқсаннан бастап сатылымға шығады.

Жаңалықтар
0