Қоғам

Тұңғыш Президент күніне орай әлеуметтік көмек көрсетіледі

© Sputnik / Болат ШайхиновАқша
Ақша - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Астанада атаулы әлеуметтік көмек алатын тұрғындарға 10 822 теңгеден беріледі

АСТАНА, 30 қараша — Sputnik. 1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күніне орай халықтың әлеуметтік әлсіз топтарына жататын қалалықтарға әлеуметтік төлемдер беріледі, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты

мүгедек адам - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Мүгедектерге берілетін жәрдемақы: қазақстандықтар нені білуі тиіс?

Жәрдемақы атаулы әлеуметтік көмекті алатын астаналықтарға беріледі. Бұл санатқа жан басына шаққандағы орташа табыстары кедейлік шегінен төмен азаматтар кіреді. Ол күнкөріс минимумының 50 %-ын құрайды. 

Астана қаласының Алматы аудандық Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының әлеуметтік төлемдер тағайындау бөлімінің басшысы Инна Филаретованың айтуынша, елордадағы кедейлік шегі — 16 497 теңге. Жағдайы осы деңгейден төмен адамдар жан басына шаққандағы орташа табыс пен кедейлік шегінің айырмасы көлемінде отбасының әр мүшесіне төленетін қосымша төлемді алуға құқы бар.

 

 

Атаулы әлеуметтік көмекті алушыларға арналған әлеуметтік жәрдемақының мөлшері 4,5 АЕК (10 822 теңге) құрайды.


Жаңалықтар
0