Дерекқор

Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 30 қараша

© Sputnik30 қараша
30 қараша - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бұл – Григориан күнтізбесінде 334-ші күн. Жылдың соңына дейін 31 күн бар

30 қарашада не болғанын білесіз бе?

Бұл күннің несімен есте қалғанын дерекқорынан оқыңыз.

         30 қарашада әлемде қандай қызықты оқиға болды:  

30 қарашада бүкіл әлемдеХалықаралық секс күні аталып өтеді. Дегенмен, бұл ерекше мереке туралы ештеңе естімеген болсаңыз, таңқалатын ештеңе жоқ. Ол әзірге Халықаралық әйелдер күні мен Ғашықтар күнінің көлеңкесінде қалып отыр.  

Бірнеше жыл бұрын форумдардың бірінде секс күнін атап өту туралы ұсыныс айтылды. Форум қатысушылары бірнеше ұсыныс жасады. Секс күнін атап өтетін орын ретінде Амстердам қаласы таңдап алынды. Мерекенің бастамашылары: "Эксперимент жасаңыз!" деген ұранды қолданысқа енгізді. Сондықтан көптеген адам бұл күні әдеттегі қалыптан шыққысы келеді. Бұл дегеніңіз жабайы секспен айналысу немесе жаппай жынойнаққа қатысу керек дегенді білдірмейді.

Бүгін Дүниежүзілік үй жанулары күні аталып өтеді. Ол өткен ғасырдың басында (1931 жылы Италияда өткен конгресте) құрылды. Мерекенің мақсаты – үй жануарларын ұстау мен қамқорлық жасау мәселелеріне назар аударту, ең бастысы, оларға зәбір көрсету жағдайларын болдырмау және оған қарсы күресу.  Өкінішке қарай, мұндай жағдайлар жиі болып жатады. Сол сияқты әлемдегі үйсіз-күйсіз жануарлардың мәселесі ерекше назар аударуды талап етеді. 

Бүгін Халықаралық ақпаратты қорғау күні аталып өтеді. Мереке вирусқа қарсы бағдарламаларды, күрделі құпия сөздерді орнату қажеттігін еске салады. Мереке 1988 жылдан бері өткізіліп келеді. Желідегі ең алғашқы ауқымды вирустық шабуыл осы жылы қараша айының басында жасалды. Ол "Моррис құрты" деген атауға ие. Вирус АҚШ-тағы (NASA зерттеу орталығын қосқанда) 6 мыңнан астам компьютерлік жүйе мен оның жұмыстарын зақымдаған. Осылайша, "Моррис құрты" 100 миллион доллар мөлшерінде қаржылық шығын келтірді. 

30 қарашада әлемде болған тарихи оқиғалар:

1876 жылы ауыспалы тоқтың трансформаторы патенттелді;

1955 жылы КСРО Ғылым академиясының алғашқы кешенді антарктикалық экспедициясы басталды;

1956 жылы CBS телекомпаниясы хабар таратуға арналған бейнероликтерді әлемде бірінші болып қолданды;

1933 жылы Ресей президентінің жарлығымен екібасты қыран Ресей Федерациясының елтаңбасы ретінде бекітілді.

30 қарашада Қазақстанда болған тарихи оқиғалар: 

1970 жылы Екібастұз қаласында (Павлодар облысы) "Богатырь" кенішінің іске қосу кешені пайдалануға берілді;

2004 жылы Қостанай облысында Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен Хромтау — Алтынсарин жаңа темір жол желісі ашылды; 

2010 жылы Ақтау қаласында "Еврострой-А" ЖШС-нің қуыс плиталарын өндіру зауыты пайдалануға берілді. 

30 қарашада дүниеге келген танымал тұлғалар: 

— 1835 жылы америкалық жазушы, журналист және қоғам қайраткері Марк Твен дүниеге келді;

— 1874 жылы британдық мемлекеттік және саяси қайраткер, 1940-1945 және 1951-1955 жылдардағы Ұлыбритания премьер-министрі; әскери (полковник), журналист, жазушы, Британ академиясының құрметті мүшесі (1952), әдебиеттен Нобель сыйлығының лауреаты (1953) Уинстон Черчилль дүниеге келді;  

— 1934 жылы кеңестік және Ресей театр және кино актері Вячеслав Невинный дүниеге келді. ("Испытательный строк", "Берегись автомобиля", "Не ходите, девки, замуж", "Гараж", "Не может быть!" фильмдері)   

— 1936 жылы танымал кеңестік тележүргізушісі, "Будильник", "Веселые нотки", "Спокойной ночи, малыши" бағдарламаларының жүргізушісі Светлана Жильцова дүниеге келді. 1961 жылдан бастап "КВН" бағдарламасын жүргізді, бірнеше жыл бойы "Жыл әнінің" жүргізушісі болды, телевизиялық концерттерді жүргізді. РКФСР еңбек сіңірген әртісі. 

— 1985 жылы ресейлік театр және кино актері, тележүргізуші Эльдар Лебедев дүниеге келді. 

30 қарашада Қазақстанда кім дүниеге келді:

— 1914 жылы ғалым, геология-минералогия ғылымдарының докторы, профессор, Қазақ КСР-і ҒА-ның академигі Григорий Щерба дүниеге келді;

1939 жылы экономика ғылымының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ғылым академиясының академигі Рахымжан Ауытов дүниеге келді;  

— 1984 жылы спортшы, спортшы, жеңіл атлет, Қазақстан Республикасының олимпиадалық құрамасының мүшесі, үш қарғып секіруден Лондондағы Олимпиада ойындарының алтын медаль иегері Ольга Рыпакова дүниеге келді;

Ай күнтізбесі

Ай Бикеш белгісінде орналасады. Барлық қадамыңызды қадағалаңыз, біреумен бәсекелесудің қажеті жоқ, бір нәрсені дәлелдеймін деп босқа әуре боласыз. Бүгін сіз кез келген экспериментке оңай келісесіз. Бұл сіз үшін пайдалы болмақ, қаншалықты күшті екеніңізге көз жеткізесіз.


Жаңалықтар
0