Қоғам

Қазақстанда күн күрт суытады

© Sputnik / Мария Никитич / Медиабанкке өтуАязды күні далада жүрген бала
Аязды күні далада жүрген бала - Sputnik Қазақстан
Жазылу
"Қазгидромет" РМК 29 қараша – 1 желтоқсан аралығындағы ауа райына болжам жасады

АСТАНА, 29 қараша – Sputnik. Синоптиктердің болжамынша, алдағы үш тәулікте республиканың басым аумағында ауа температурасы күрт төмендейді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан

Мектеп оқушысы - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Астанада барлық оқушыға сабақ болмайды
"Қазгидромет" РМК ақпаратынша, алдағы үш тәулікте Қазақстанның басым бөлігінде күн күрт cуытады. Бұл оңтүстік-батыс тропосфералық ағындарының солтүстік-батыс бағытқа ауысуымен байланысты болып отыр. 

"Соның әсерінен Баренц теңізі аймағынан арктикалық ауа массалары ығысады", — делінген хабарламада. 

Бірақ суық ауа массаларынан бұрын Қара теңіздегі циклон мен онымен байланысты атмосфералық ағымдардың әсерінен солтүстікте қар жауып, бұрқасындатады, қатты жел тұрады. Ал оңтүстікте тұман түсіп, көктайғақ болады. 

 

 

Жаңалықтар
0