Оқиға

Он екі жылдан бері қоқыс тасимын, мұндайды алғаш көруім – көлік жүргізуші

© Sputnik / Андрей Стенин / Медиабанкке өтуТұрмыстық қалдықтар полигоны, архивтегі фото
Тұрмыстық қалдықтар полигоны, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстанның батысында қоқыстан жаңа туған баланың денесі табылды. Полиция қызметкерлері безбүйрек ананы іздеуге кірісті

АСТАНА, 29 қараша — Sputnik. Ақтаудың бірнеше шағын ауданынан жиналған қоқысты сұрыптау кезінде жаңа туған баланың мәйіті табылды.

Сәби - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Таразда өртенген қоқыс арасынан нәрестенің денесі табылды

Сәбидің денесі табыла салысымен қаланың қоқыс тастайтын жеріне облыстық полиция департаментінің жедел тергеу тобы келді, деп хабарлады lada.kz.

Полигон қызметкерлері мен аз уақыт бұрын тұрмыстық қалдықтарды алып келген қоқыс тасушы көліктің жүргізушісінен жауап алу кезінде қоқыс Ақтаудың 11, 13, 16 және 17 шағын аудандарындағы контейнерлерден жиналғаны анықталды. Жүргізуші жұмыс барысында күдікті ештеңе байқамағанын хабарлады. Жантүршігерлік оқиғаны басқа адамнан естіген. 

"Мен 12 жылдан бері қоқыс таситын көліктің жүргізушісі болып жұмыс істеймін, мұндай жағдай алғаш рет болып отыр", — дейді Бердәулет Кемалов.

Қазір құқық қорғау органдары көз жұмған баланың анасын іздеп жатыр. Факт тергеудің бірыңғай тізіліміне енгізілді, бірқатар сараптама жасау жоспарланған.

"Анасының жеке тұлғасы анықталып, сараптама нәтижесі шыққаннан кейін қылмыстық іс қандай баппен қозғалатыны  белгілі болады", — деп хабарлады облыстық полиция.

Жедел қызметкерлер мен учаскелік инспекторлар Ақтаудың қоқыс шығарылған шағын аудандарындағы пәтерлерді аралап шығуды бастады. 


Жаңалықтар
0