АСТАНА, 29 қараша — Sputnik. Филиппиндік құрылысшының ауыз қуысындағы ісіктің көлемі басымен бірдей болды. Бұл туралы Daily Mail басылымы жазды.
30 жастағы Леонардо Морис барлығы жасөспірім кезінде баскетбол ойнап жүріп алған жарақаттан басталғанын айтады. Содан кейін жағы қатты ауырып, іси бастаған.
Жас жігіт бірнеше жыл бойы қатты ауырады. Осыдан кейін Морис 23 жасқа келгенде аузында амелобластома — қатерсіз ісік пайда болады. Уақыт өте бұл ісіктің көлемі ұлғайып, тамақ ішуге кедергі келтіреді. Енді Мористің диетасы сорпа, жеміс және судан тұрады.
Құрылысшының жалақысы өте аз болғандықтан, амелиобластоманы алдыртатын ақшасы жоқ. Ота жасату үшін 5 мың фунт стерлинг (шамамен 2,5 миллион теңге) қажет.
Шілде айында үндістандық фермердің 20 жылдан бері мойнында өсіп келе жатқан ісікті алдыру үшін ота жасауға шешім қабылдағаны туралы жазып едік. Ол дәрігерге ісіктің көлемі басымен бірдей болған уақытта ғана барған.