Әлем

Әйелді ерекше әдіспен зорлаған қаскүнем қор болып өлді

© Photo : pixabay/rebcenter-moscowӘйел, иллюстративті фото
Әйел, иллюстративті фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Полицейлер қонақүйден ер адамның мәйітін тауып алды. Ол жедел жәрдем шақырмаған

АСТАНА, 28 маусым — Sputnik. Қытайда ер адам әйелді жыланмен қорқытып, зорлаған. The Mirror басылымы хабарлағандай, осыдан кейін бауырымен жорғалаушылардың бірі оның өзін шағып алған.

Жылан - Sputnik Қазақстан
Әлем
Достарын жыланмен қорқытпақ болған жігіт тіл тартпай кетті - видео

Оқиға 21 қараша күні кешке қарай Қытайдың оңтүстік-шығысындағы Цзянси провинциясының Фучжоу қаласында болды. Әйел адам полицияға барып, зорлыққа ұшырағанын хабарлаған. Айтуынша,  Фань деген біреу қонақүй бөлмесіне алдап алып барып, үш улы жыланмен қорқытып, жыныстық қатынасқа түсуге мәжбүрлеген. Ол жыланнан қорқып, келісім берген.

Осыдан кейін әйел полицияға жүгіріп кетеді, ал Фань жыландармен ойнау үшін жуыну бөлмесіне кірген, деп жазды Версия.

Полицейлер аталған қонақүйге барып, төсектен ер адамның мәйітін тауып алады. Кейінірек оны жылан шағып алғаны анықталды. Ер адам жедел жәрдем шақырмаған.

Жыландардың бірі бөлмеден шығып кетіп, полицейлерді біраз әуреге салды. Олардың арасында адамға өте қауіпті  оңтүстік қытайлық улы жылан бар болып шықты.

Полиция әйел зорлау туралы қылмыстық іс қозғады. Тергеу барысында қонақ үй жабық болады.

 


Жаңалықтар
0