Қоғам

"Тозаққа айналды". 15 жасында тұрмысқа шыққан қыз өкініші туралы айтты

© Sputnik / Табылды КадырбековЗорлық
Зорлық - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ардақ Әбдіғалиева заң жүзінде күйеуімен ажырасса да, балаларының қатал әкенің қолында қалғаны үшін алаңдап жүр

АСТАНА, 28 қараша — Sputnik. Қазақстандық келіншек өзі сүймеген адамға тұрмысқа шығып, өмірінде қандай қиындықтар көргенін айтып берді. Бір кездері қайын жұрты барлық жағдайын жасайтынын айтып, тұрмысқа шығуға күштеп көндірген екен. Бұл туралы "Алматы" арнасы хабарлайды. 

Тұрмыстық зорлық-зомбылық, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
"Үйде қонақ бар". Жыныстық қатынастан бас тартқан әйел ажал құшты
Қазақстандық келіншек Ардақ Әбдіғалиева 15 жасында тұрмысқа шыққан. Бұл қадамға баруына 19 жастағы болашақ жарының "Маған әйел болмасаң, өзіме қол саламын" деген сөздері себеп болған. Ал қайын атасы мен енесі оқытып, барлық жағдайын жасайтынын айтып сендірген. "Олардың сөзіне сенгелі 12 жыл өмірім тозаққа айналды" деп қынжылып отыр келіншек.

Осы уақыт ішінде жұбайы рұқсатсыз далаға шығуға және оқу орнында білім алуға тыйым салған. Мұндай қиындыққа шыдамаған соң әйел арада үш баласының бар екеніне қарамастан заң жүзінде ажырасады. Айтуынша, сот балаларды қатал әкенің қамқорлығында қалдыруды жөн көрген.

"Мен олардың психологиялық денсаулықтары үшін алаңдаймын. Өйткені балаларым біздің айқайымыздың барлығын естіп өсті. У-шудан қорқып, бұрышқа тығылып қалатын. Мен шаршадым. Басқалар секілді білім алып, басқалармен қатар өмір сүргім келді", — деп күрсінді Ардақ Әбдіғалиева.

Тағы оқыңыз:

"НеМолчи" қозғалысының жетекшісі Дина Смаилованың мәліметінше, биыл Қазақстанда тоғыз айда 914 нәзік жанды зорланған. Ал соңғы үш жылда зорлау фактісі бойынша 5 мыңнан артық қылмыстық іс қозғалған. Осы зорлық-зомбылықпен байланысты жағдайға шыдамай биыл 91 ер бала, 43 қыз бала өзіне қол салған.

"Біздің елге қарағанда сексуалдық зорлық-зомбылық заңы Тәжікстан мен Өзбекстанда өте қатаң. Бұл елдерде қылмыскер кісі зорлағаны үшін 3 жылдан бастап 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылады. Зорлау ауыр қылмыс түрі болып саналады. Ал Қазақстанда орташа деңгейдегі ауыр қылмыс деп қаралып, қылмыскер 3-5 жылға ғана сотталады", — деді қозғалыс жетекшісі Дина Смаилова.

Жаңалықтар
0