Әлем

Күйеуімен ұрсысқан әйел көліктің алдыңғы терезесінен ұшып кетті – видео

© Photo : Pixabay / Michael Schwarzenberger Көліктің терезесі
Көліктің терезесі - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жанжалдасып келе жатып жол апатына ұшыраған ерлі-зайыпты аман қалды

АСТАНА, 28 қараша — Sputnik. Қытайдың Гуйчжоу провинциясы Кайли қаласында тұратын әйел рөлде келе жатқан күйеуімен ұрсысады, салдарынан ер адам қоршауға соғылып қалған. Жол апатынан көлік аударылып, жанжалқой әйел алдыңғы терезесінен бір-ақ ұшып кетеді, деп хабарлайды Daily Mail.

Болған оқиға бақылау камерасы мен көліктің видеорегистраторына түсіп қалыпты. 

Жол апатынан кейін әйел адам ауруханаға шұғыл жеткізілді. Абырой болғанда, алған жарақаты ауыр емес екен, өміріне ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ. 

Оның жолдасы да басынан жарақат алып, ауруханаға түсті. Полиция ер адам мас күйінде көлік айдады деген күдік келтіріп отыр. Алайда сараптама нәтижесі туралы ештеңе белгісіз.

Жаңалықтар
0