Әлем

Қыз үйіндегі бақылау камераға түсірілген видеоны көріп жан ұшыра айғайлады

CC0 / / Қыз
Қыз - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Видеода қыздың үйіндегі айнадан адамның сұлбасы көрінеді, ол мұны елес екен деп ойлаған

АСТАНА, 28 қараша — Sputnik. Reddit қолданушысы үйіндегі бақылау камерасына түскен видеоны көріп өз көзіне өзі сенбеді. Сондықтан бейнежазбаны желіге салып, "Айнадағы елес емес деңіздерші" деп жазған, деп хабарлайды life.ru.

Қысқа видеода айнада, шынымен де, адамның тылсым сұлбасы көрінеді, асүйдегі жарық өшіп-қосылған бойда ол көзден ғайып болады. Қыздың айтуынша ол кезде бөлмеде ешкім болмаған.

Видеоның Reddit желісінде жарияланғанына бір тәулік те болған жоқ, алайда пікір жазған қолданушылар өзара қырқысып жатыр. Кейбіреулер мұны әдейі түсірілген видео дейді, өйткені елестер айнадан көрінбейді. Ал басқа біреулер видеоға шын адам түсіп қалған деп дауласады.

"Бұл елес емес, одан да қорқынышты. Бір адам үйіңізге басып кіріп, жарықтан қорқып кеткен. Құлыпты тексеріңіз!", — деп кеңес берді қолданушылардың бірі.

Жаңалықтар
0