Әлем

Джеки Чанның қызы әйелмен некеге тұрып, тойдан сурет жариялады

CC0 / / Орамал, үйлену тойы туфлиі
Орамал, үйлену тойы туфлиі - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Желідегі суреттерден ақ көйлек киген екі қыздың неке куәлігін алғанын көруге болады

АСТАНА, 27 қараша — Sputnik. Джеки Чанның қызы құрбысымен некеге тұрып, Instagram-да үйлену тойынан фотосуреттер жариялады.

 Танымал гонконгтік актердің некесіз туған қызы Этта У Чжолинь канадалық модель Энди Оттоммен некеге тұрғанын мәлімдеді, деп жазды РИА Новости South China Morning Post-қа сілтеме жасап.

Желідегі суреттерден ақ көйлек киген екі қыздың неке куәлігін алғанын көруге болады.

"Біз туа сала бақытқа ұмтыла бастадық. Егер сіздің бойыңызда махаббатты армандайтын батылдық болса, оған жетуге батылдық пен күш-жігер табылады. Махаббат жеңеді!", — деп жазды У Чжолинь. 

Өткен жылы Джеки Чанның қызы Энди Отоммен көңіл жарастырып жүргенін мойындаған болатын. Жастардың бұл қарым-қатынасына туыстары қарсы болып, үйден қуып жіберген. У Чжолинь құрбысы екеуі көпірдің астында тұруға мәжбүр болғаны жайлы видео жариялады.

64 жастағы Джеки Чан – танымал актер, режиссер, продюсер және сценарист, кино өнеріне үлес қосқаны үшін "Оскар" жүлдесін алды. Биыл Forbes оны әлемдегі ең көп ақы төленетін актерлердің бірі деп таныды.


Жаңалықтар
0