Әлем

Жасөспірімнің қалтасындағы телефон жарылып кетті

© Sputnik / Андрей Стенин / Медиабанкке өтуАурухана, архивтегі фото
Аурухана, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Оқиға Қырғызстанда 24 қарашада кешкі уақытта болған. Баланы күйік шалды

АСТАНА, 27 қараша — Sputnik. 14 жастағы баланың шалбарының қалтасындағы ұялы телефон жарылды, деп хабарлады Sputnik Қырғызстан.

Қырғызстан денсаулық сақтау министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше,  оқиға 24 қараша күні кешке Ыстықкөл облысының Тоң ауданына қарасты ауылдардың бірінде болды.

"14 жастағы Д.А.Тоң аудандық ауруханасына сағат 23:45-те түсті. Баланың көкірек қуысын, ішін, бұты мен оң жақ жамбасын бірінші және екінші дәрежелі химиялық және термиялық күйік шалған", — делінген хабарламада.

Жасөспірімнің қазіргі жағдайы тұрақты ауыр деп бағаланып отыр, ол тиісті ем алып жатыр.  


Жаңалықтар
0