Оқиға

Қостанай облысында жантүршігерлік жол апаты: ҰҚК қызметтік көлігі мен КамАЗ соғылды

© скриншот видео очевидцаЖол апаты
Жол апаты - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, жол апаты кезінде бір адам көз жұмған

АЛМАТЫ, 27 қараша — Sputnik. Қостанай облысы трассасында КамАЗ және УАЗ автокөліктері соғылып, бір адам ауруханаға түсті, тағы бір адам апат болған жерде көз жұмды. Алдын ала деректер бойынша, көліктердің біреуі Ұлттық қауіпсіздік комитетіне тиесілі.

Аlau.kz порталының хабарлауынша, жүргізушілер оқиға болған жерді видеоға түсіріп, оларды бір-біріне мессенджер арқылы таратып жатыр.

Видеодағы кадрлардан УАЗ есігіндегі эблемаға қарап, оның ҚР ҰҚК көлігі екенін байқауға болады.

Жантүршігерлік жол апаты салдарынан қызметтік УАЗ көлігінің кабинасы екіге бөлінген, ал жүк көлігі апаттан кейін жолдың шетіне шығып кеткен.

Қостанай облысы полиция департаментіндегілер аталған фактіні растап, УАЗ жүргізушісінің көз жұмғанын хабарлады. Сондай-ақ, осы көлікте отырған жолаушы ауыр жарақатпен ауруханаға жеткізілді. Ал жүк көлігінің жүргізушісі аман.

Жаңалықтар
0