Қоғам

Ешқандай диетасыз арықтаудың құпиясы ашылды

© Photo : CCo / Mohamed HassanАрықтау
Арықтау - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Австралиялық диетолог адамдарға диетасыз арықтаудың жолын ұсынды

АСТАНА, 27 қараша — Sputnik. Австралиялық диетолог Джессика Сепель (Jessica Sepel) жоғары калориялы жеңсік астың орнына балама ұсынды, деп хабарлайды Daily Mail.

Весы - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Ғалым тез арықтаудың жолын айтты

Біріншіден, Сепель пиццаның қамырын гүлді қырыққабатпен алмастыруға кеңес береді. Екіншіден, жоғары калориялы ұн пастасының орнына диетолог цукиниді жіңішкелеп кесуді ұсынады немесе бұршақ, киноа, қызыл үрмебұршақ және күріштен жасалған макарон пайдаланған жөн дейді.

Бұдан бөлек, Сепельдің айтуынша, бадам сүті мен какао ыстық шоколадтың таптырмас баламасы бола алады, ұйықтар алдында ішуге болатын жақсы теңдесі жоқ сусын.

Сонымен қатар диетолог денсаулыққа пайдалы балмұздақты әзірлеу әдісімен бөлісті. Ол үшін блендерде мұздалған банан, бадам сүті, аздап теңіз тұзы, даршын және үйеңкі сиробын араластырып, тоңазытқышқа қатырып қою керек.

Жаңалықтар
0