АЛМАТЫ, 26 қараша — Sputnik. Алматыда танымал археолог Карл Байпақовпен қоштасу рәсімі өтті.
Әйгілі ғылым қайраткерін соңғы сапарға шығарып салуға ниет білдірген халық таңертеңнен Ғалымдар үйіне жиналған.
Азаматтық жаназаға мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы келді. Сонымен бірге Байпақовпен жазушы Олжас Сүлейменов, Ғылым академиясының президенті Мұрат Жұрынов қоштасты. Қалалық әкімдік өкілі ретінде Алматы әкімінің орынбасары Арман Қырықбаев қатысқан.
Байпақов 23 қарашада 78 жасқа келіп дүние салды.
© Sputnik / Тимур БатыршинАлматы халқы Карл Байпақовпен қоштасты
1/4
© Sputnik / Тимур Батыршин
Алматы халқы Карл Байпақовпен қоштасты
© Sputnik / Тимур БатыршинАлматы халқы Карл Байпақовпен қоштасты
2/4
© Sputnik / Тимур Батыршин
Алматы халқы Карл Байпақовпен қоштасты
© Sputnik / Тимур БатыршинАлматы халқы Карл Байпақовпен қоштасты
3/4
© Sputnik / Тимур Батыршин
Алматы халқы Карл Байпақовпен қоштасты
© Sputnik / Тимур БатыршинАлматы халқы Карл Байпақовпен қоштасты
4/4
© Sputnik / Тимур Батыршин
Алматы халқы Карл Байпақовпен қоштасты
1/4
© Sputnik / Тимур Батыршин
Алматы халқы Карл Байпақовпен қоштасты
2/4
© Sputnik / Тимур Батыршин
Алматы халқы Карл Байпақовпен қоштасты
3/4
© Sputnik / Тимур Батыршин
Алматы халқы Карл Байпақовпен қоштасты
4/4
© Sputnik / Тимур Батыршин
Алматы халқы Карл Байпақовпен қоштасты
Карл Байпақов 1940 жылы 17 қарашада Талғар қаласында дүниеге келген. 1963 жылы Ленинград мемлекеттік университетінің тарих факультетін тәмамдады. Байпақов Қазақстан Ғылым академиясының академигі болған.