АСТАНА, 26 қараша — Sputnik. "Қазгидромет" Қазақстанның төрт облысында дабылды ескерту жариялады.
"Ертең, 27 қарашада Қостанай облысының кей жерлерінде бұрқасындатып, тұман түседі, көктайғақ болып, оңтүстік-батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел тұрады.
Түркістан облысының тауларында қатты жауын-шашын, кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады, оңтүстік-батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.
Шымкент қаласында 27 қарашада кей уақытта тұман, оңтүстік-батыстан соққан жел 15-20 м/с дейін күшейеді", — деп ескертті синоптиктер.
Күздің соңғы күндері ауа райы қандай болады?
Түнде және таңертең Маңғыстау облысы аумағының кей жерлерінде тұман түседі.
Қызылорда облысының кей жерлерінде көктайғақ болады деп болжанып отыр.