АСТАНА, 25 қараша — Sputnik. Тараздағы "Ауыл-Береке" базарынан өрт шықты.
"Жексенбі, 25 қараша күні сағат 09:13-те өртке қарсы қызметтің пультіне тоғыз киім-кешек бутигі өртенгені туралы хабарлама түсті, алдын ала мәлімет бойынша жалын 700 шаршы метрге шарпыған. Өрт 09:47-де ауыздықталып, 10:01-де толық сөндірілді", — деп хабарлады Жамбыл облысының ТЖ департаменті.
© Photo : ТЖКТаразда базардан өрт шықты
Таразда базардан өрт шықты
© Photo : ТЖК
Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталып жатыр.
Өртті сөндіруге жеке құрамның 49 адамы және 10 арнайы өрт сөндіру техникасы жұмылдырылды.