Дерекқор

Бүгін Қазақстанда және әлемде қандай мереке: 26 қараша

© Sputnik26 қараша
26 қараша - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бұл Григориан күнтізбесіндегі 330-шы күн. Жыл соңына дейін 35 күн қалды

26 қараша күні қандай оқиға болады?

Бұл күннің несімен есте қалғанын дерекқорынан оқыңыз.

26 қарашада қандай қызықты оқиға болды

Бүгін әлем жұрты халықаралық ақпарат күнін атап өтіп жатыр. Қолында ақпарат бар адам әлемді басқарады! Бұл дана сөздерді танымал магнат Натан Ротшильд айтқан-ды. Оның астарында үлкен мән жатыр, мұнымен ешкім таласпайтыны сөзсіз. Расымен де, тиімді ақпараттың арқасында соғысты тоқтатып, табиғи апатқа дайындалып, ірі жол апатының алдын алуға болады. Бұл күн күнтізбеге алғаш 1994 жылы енгізілді.

Сондай-ақ, бүгін халықаралық етікшілер күні. Аяқ киім таңдау — өте маңызды әрі қызықты іс. Себебі, аяқ киім иесі туралы көп ақпарат береді. Әр кез әдемі, ыңғайлы және сапалы аяқ киім сәнде болған. Етікші болу — екінің бірінің қолынан келе бермейтін өнер. Бірнеше ғасырдан бері етікшілік шеберлерге тұрақты табыс әкеліп тұрды. Тіпті, әлемдегі ең керекті мамандықтардың бірі болды десек болады.

Мұнымен қатар, бүгін — төңкеретін күн. Яғни бүгін миыңызды шекарадан асырып, бір күн болсын шын қалауыңызды жүзеге асыратын күн! Бастапқыда жастықтармен соғысып, әдеттегі таңғы асқа балмұздақ немесе торт жеуге болатын еді. Бүгін сіздің күніңіз!

26 қарашада әлемде болған тарихи оқиғалар

1394 жылы Сеул Кореяның астанасы болды;

1917 жылы ұлттық хоккей лигасы құрылды: "Монреаль Канадиенс", "Монреаль Уондерерс", "Оттава Сенаторс", "Квебек Бульдогс" және "Торонто Аренас";

1965 жылы бірінші франциялық Asterix жер серігі ұшырылды;

1976 жылы жаңа Microsoft сауда маркасы тіркелді;

1979 жылы Таиф маңында Boeing 707 апатқа ұшырап, 156 адам көз жұмды.

26 қарашада Қазақстанда болған тарихи оқиғалар

1991 жылы Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа Теміртау қаласының құрметті азаматы атағы берілді;

1997 жылы Алматы көшелерінің біріне ғалым Мүслім Базарбаевтың есімі берілді.

2009 жылы Минск қаласында Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Беларусь Республикасының президенті Александр Лукашенко келіссөздер жүргізіп, екі елдің арасында бірқатар екіжақты құжаттарға қол қойылды;

2010 жылы бейбітшілік және келісім сарайында ЕҚЫҰ адами өлшемдер жөніндегі шолу конференциясының қорытынды бөлігі өтті.

26 қарашада дүниеге келген танымал тұлғалар

1926 жылы цирк әртісі, актриса, РСФСР халық әртісі Маргарита Назарова туды;

1938 жылы ресейлік диктор және тележүргізуші Анна Шатилова өмірге келді. Ол — КСРО мемлекеттік телерадиосы орталық телеарнасының дикторы;

1939 жылы америкалық әнші әрі актриса Тина Тернер туды;

1983 жылы ресейлік әнші әрі шоумен Прохор Шаляпин туды.

26 қарашада Қазақстанда кім туды

1960 жылы Қазақстан Республикасының Литва Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі Мұхамеджанов дүниеге келді.

Ай күнтізбесі

Ай Шаян белгісінде тоқтады. Бүгін жалғыздық сезімін сезінесіз, есесіне ең жақын достарыңыз бұл қиын сәтте қасыңыздан табылады. Осы жақын адамдарыңыздың арқасында өзіңізді қолға алып, депрессияның алдын аласыз.

Жаңалықтар
0