Оқиға

Белгілі қазақстандық актер қайтыс болды

© Sputnik / Сергей Аверин / Медиабанкке өтуГүл
Гүл - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Суыт хабар туралы өнер жұлдыздары әлеуметтік желідегі парақшасында жазды

АСТАНА, 25 қараша – Sputnik. Белгілі актер, педагог, Қазақстанның мәдениет қайраткері Есім Сегізбаев өмірден озды. 

Суыт хабар туралы Қазақстанның өнер жұлдыздары әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. 

"Ұстазым Сегізбаев Есім Жүкеұлы "келместің кемесіне" мініп кетті.. Жүрегім қарс айырылып, қабырғам қайысып отыр. Қалың жұртқа қатты қайғырып көңіл айтамын", - деп жазды әнші Төреғали Төрәлі. 

Есім Сегізбаев – актер, педагог, профессор. Қазақстанның мәдениет қайраткері. Қазақстанның білім беру ісінің үздігі.

Ол 1937 жылы 14 сәуірде Көкшетау облысы, Рузай ауданы, Сарыадыр ауылында дүниеге келген. 

1958 жылы Щучьедегі алтын-платина тау-кен техникумын бітірген. 1961-1965 жылдары Құрманғазы атындағы қазақ ұлттық консерваториясын кино және драма актеры мамандығы бойынша тәмамдады.

1965-1978 жылдары Ғабит Мүсірепов атындағы қазақ мемлекеттік академиялық балалар және жасөспірімдер театрының актерлік құрамында жемісті еңбек етті. 1978 жылдан бастап Қазақ ұлттық өнер академиясында оқытушы, аға оқытушы, доцент, профессор болып қызмет етті. 


Жаңалықтар
0