АСТАНА, 25 қараша — Sputnik. Жастар арасындағы әлем чемпионы, қазақстандық боксшы Садриддин Ахмедов (4-0, 4 КО) кәсіби карьерасындағы бесінші жекпе-жегін өткізді, деп хабарлады Sports.kz.
Ол Римуски қаласындағы (Канада) Le Centre Financiere Sun Life ойын-сауық кешенінде өткен бокс кешінде жұдырықтасты.
20 жастағы қазақстандықтың алты раундтық жекпе-жектегі қарсыласы мексикалық Хосе Франсиско Суньига (14-11-2, 5 КО) болды. Бұл жекпе-жек мерзімінен бұрын аяқталды. Ахмедов екінші раундта-ақ қарсыласын нокаутқа жіберді. Төмендегі видеода жекпе-жектің ең қызықты сәттерінің бірі көрініс тапқан.
Akhmedov cogne DUR pic.twitter.com/BgoFShT4Bm
— Andréanne Lambert (@And_lambert) 25 ноября 2018 г.
Осылайша, Садриддин бес жекпе-жек өткізіп, бәрінде нокаутпен жеңіске жетті. Ал Суньига карьерасындағы 12-ші жеңілісіне ұшырады. Айта кетейік, Ахмедов тағы бір жекпе-жекті жоспарлап қойған – ол 14 желтоқсанда рингке қайтып оралады.
Садриддин Ахмедов қарсыласын жекпе-жектің 57-ші секундында нокаутқа түсірді
Естеріңізге салайық, бұған дейін 25 қарашаға қараған түні Данияр Елеусінов кәсіпқой бокстағы бесінші қарсыласын нокаутқа түсіргенін жазған едік.