Спорт

Данияр Елеусінов: Мен үшін дұға етіңіздер

© Photo : Казахстанская федерация боксаБоксшы Данияр Елеусінов
Боксшы Данияр Елеусінов - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Отандасымыз Монакода 33 жастағы никарагуалық Маркос Мохикамен жұдырықтасады

АСТАНА, 24 қараша – Sputnik. Қазақстандық боксшы Данияр Елеусінов қарашаның 24-нен 25-іне қараған түні Монте-Карлода бесінші жекпе-жегін өткізеді, деп хабарлайды .  

Данияр Елеусінов пен Мэтт Доэрти - Sputnik Қазақстан
Спорт
Данияр Елеусінов америкалықты бірінші раундта-ақ нокаутқа түсірді – видео
Елеусінов кәсіпқой бокстағы бесінші қарсыласын өте мықты боксшы деп атады. 

"Ол рингте аз жекпе-жек өткізген жоқ, тәжірибелі боксшы деп айтуға болады. Бірақ мен дайынмын. Барлығы тамаша, тек соңғы күндері барлық уақытымды дайындыққа арнауға тура келді", — деді қазақстандық боксшы. 

Ол күн-түн демей, экран алдына жиналып, тақымын қысып отыратын жерлестері мен жанкүйерлеріне алғысын айтты. 

"Мен олардың маған қолдау көрсетіп жатқанын сезіп жүремін. Маған жанкүйер болыңыздар, мен үшін дұға етіңіздер", —деді Елеусінов. 

Данияр Елеусінов 24 қарашада Монте-Карлода өтетін бокс кеші аясында 33 жастағы никарагуалық Маркос Мохикамен кездеседі. Мохика кәсіпқой бокста 16 жекпе-жек өткізіп, оның 12-інде нокаутпен жеңіске жеткен. 

Қазақстандықтар Елеусінов – Мохика жекпе-жегін қарашаның 24-нен 25-іне қараған түні Астана уақытымен сағат 01:00-де "Хабар" арнасынан тамашалай алады. 


Жаңалықтар
0