24 қарашада не болғанын білесіз бе?
Бұл күннің несімен есте қалғанын Sputnik Қазақстан дерекқорынан оқыңыз.
24 қарашада қандай қызықты оқиға болды
Бүгін әлем елдері Морж күнін атап өтеді. Бұл күн айтулы даталар күнтізбесіне 2008 жылы Теңіз сүтқоректілері кеңесі мен WWF (Бүкіләлемдік жабайы табиғат қоры) бастамасының арқасында енді. 24 қараша кездейсоқ таңдалып отырған жоқ. Күздің соңғы аптасында морждар тіршілік ортасын өзгертіп, Беринг бұғазына аттанып, сонда қыстап қалады.
Сонымен қатар, бүгін Америкада – Достар күні. 24 қараша "Қайтіп дос табуға және адамдарға ықпал етуге болады" кітабының авторы Дейл Карнегидің туған күні болғандықтан, аталған мереке жыл сайын осы күні тойланатын болған. Сырыңызбен бөлісіп, шер тарқататын достарыңыз аман болсын!
Тағы бір аты да, заты да қызық мереке – Үй перісіне сүттен дәм татқызу күні. Өмірінде "домовойды" көріп немесе оған ас-су берген адам бар ма? Бүгін әдемі ыдысқа сүт құйып, сыпайы түрде үй перісін ақтан дәм татуға шақырыңыз. Егер таңертең ыдысыңыз бос тұрса, онда үй перісі дәміңізді ризашылықпен қабыл алды деген сөз.
24 қарашада әлемде болған тарихи оқиғалар
1859 жылы Чарльз Дарвин эволюциялық теориясын жариялады;
1927 жылы Мәскеу оперетта театры ашылды;
1963 жылы АҚШ президенті Джон Кеннедиді өлтірді деп айыпталған жалғыз күдікті Ли Харви Освальд басқа түрмеге әкетіп бара жатқанда, ауыр жараланып, көз жұмды;
2015 жылы Сирия әскерлері Латакия маңында ресейлік тікұшақты атып түсірді.
24 қазанда Қазақстанда болған тарихи оқиғалар
1961 жылы Жезқазған қалалық кітапханасына Мұхтар Әуезовтің есімі берілді;
2000 жылы "Қазақстан" журналы жарыққа шықты;
2004 жылы Алматыда көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, академик Сауық Тәкежанов тұрған үйге мемориалдық тақта орнатылды;
2014 жылы Алматы облысының Бесағаш кентінде белгілі спортшы, Қазақстанда таэквандо мектебінің негізін қалаған Мұстафа Өзтүрікке ескерткіш орнатылды.
24 қарашада әлемде туған танымал тұлғалар
1789 жылы ұлы орыс қолбасшысы, әскери теоретик Александр Суворов дүниеге келді;
1932 жылы кеңестік, ресейлік цирк әртісі, режиссер, цирк бағдарламаларының қоюшысы, педагог Виль Головко өмірге келді. РКФСР еңбек сіңірген өнер қайраткері (1980). РКФСР халық әртісі (1985). КСРО Халық әртісі (1990);
1938 жылы кеңестік және ресейлік театр және кино әртісі Наталья Крачковская туды. Ресейдің еңбек сіңірген әртісі (фильмдері: "Двенадцать стульев", "Иван Васильевич меняет профессию", "Не может быть!", "Покровские ворота");
1941 жылы кеңестік және ресейлік тележүргізуші, РФ еңбек сіңірген өнер қайраткері (1994), ұзақ жылдар КТК-ны жүргізген Александр Масляков дүниеге келді.
24 қарашада Қазақстанда кімдер туды
1895 жылы белгілі ақын, жазушы, қазақ балалар әдебиетінің негізін салғандардың бірі Сапарғали Бегалин дүниеге келді;
1933 жылы актер, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Тұрсынжан Айнақұлов өмірге келді;
1957 жылы V шақырылымдағы мәжіліс депутаты Егор Каппель туды.
Ай күнтізбесі
Ай Егіздер белгісінде орналасады. Бүгін сіз қалайда экстрим сезімін сезініп көргіңіз келеді, алайда, ең алдымен, қауіпсіздігіңізді ойлаңыз. Сондай-ақ, бүгін сырт келбетіңізді өзгертуге таптырмас күн, бірақ "артық қыламын деп, тыртық қылып жүрмеңіз". Ең дұрысы, жақын адамыңызбен ақылдасыңыз.