Өңірлер

Павлодар облысында шенеунік пара алып жатқан жерінде ұсталды – видео

© SputnikПара
Пара - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Мемлекеттік мұрағат басшысының міндетін атқарушы кінәсін мойындағандықтан, қамауға алынған жоқ

АСТАНА, 23 қараша – Sputnik. "Павлодар облысының мемлекеттік архиві" мекемесі басшысының міндетін атқарушы 50 мың теңге мөлшерінде пара алып жатқан жерінде ұсталды, деп хабарлайды тілшісі. 

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Жанна Бастарованың айтуынша, Павлодар облысының азаматы мемлекеттік архив басшылығының үстінен шағымданған. Осыдан кейін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының  Павлодар облысы бойынша департаменті кешенді шаралар жүргізіп, 21 қарашада облыстық архив басшысының міндетін атқарушыны пара алып жатқан жерінде ұстады.

"Ол мемлекеттік архивтің ғимаратына жүргізілген жөндеу бойынша заң бұзушылықтарды жасыру үшін алғашында келісілген 500 000 теңгенің кезекті бөлігі – 50 000 теңгені алып жатқан кезде қолға түсті", — деді Бастарова брифинг барысында. 

Шенеунік кінәсін толық мойындағандықтан, қамауға алынған жоқ. Тергеу жүріп жатыр.

Жаңалықтар
0