Қоғам

Қазақстанда менингит жұқтырған болуы мүмкін екі адам ауруханаға түсті

© Photo : Региональная служба коммуникаций Атырауской областиАурухана
Аурухана - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Менингит жұқтырған болуы мүмкін науқастардың қазіргі жағдайы орташа ауыр деп бағаланып отыр

АСТАНА, 23 қараша — Sputnik. Екі адам менингококк жұқтырған болуы мүмкін деген диагнозбен ауруханаға жатқызылды.  Ауруханаға Солтүстік Қазақстан облысы мен Түркістан облысында тұрып жатқан азаматтар түскен, деп хабарлады  қоғамдық денсаулық сақтау комитеті эпидемиологиялық бақылау бөліміндегілер.

Бала - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Семейдегі балабақшада менингит дерті тарады
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, олардың жағдайы орташа ауыр деп бағаланып отыр. Қазіргі сәтте эпидемияға қарсы шаралар жүзеге асырылып жатыр.

Жыл басынан бері Қазақстанда менингококк инфекциясын 88 адамның жұқтырғаны белгілі болды. Олардың 15-і осы індеттен қайтыс болды.
Менингококк инфекциясы — ауа арқылы берілетін қауіпті инфекциялық ауру.

Менингит жұқтырған кезде адамның басы ауырып, дене қызуы 38-40 градусқа дейін көтеріліп, терісі бөртіп кетеді. Дәрігерлер үйде жатып емделмей, алғашқы белгілерінде-ақ ауруханаға баруға кеңес береді.

Жаңалықтар
0