Мәдениет

Димаш Құдайберген Лондонда қазақ тілінде сұхбат берді

© Photo : Минкультуры и спорта / Никита БасовБритандық фотограф Майкл Дональд Димаш Құдайберген үшін фотосессия өткізді
Британдық фотограф Майкл Дональд Димаш Құдайберген үшін фотосессия өткізді - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Yandex newsTelegram
Қазақстандық әнші Лондонда өткен концертінен кейін бірнеше БАҚ-қа сұхбат беріп, өзі жайында, шығармашылығы мен отаны туралы айтты

АЛМАТЫ, 23 қараша — Sputnik. Қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеннің шығармашылығына Ұлыбританияның ірі телеарналары, радио және ақпарат агенттіктері қызығушылық білдірді. Әнші Лондондағы концертінен кейін бірнеше сұхбат берді.

Құдайберген BBC телевидениесі мен радиостанциясын аралап көрді. Британия қоғамдық телевидениесінің студиясында Димаш қазақ тілінде сұхбат беріп, шығармашылығы туралы әңгімеледі. BBC World Service радиостанциясында музыкант сенбі күнгі Cultural Frontline шоуында өзінің жетістікке жету тарихын баяндады. Радиостанцияны апта сайын әлемдегі 75 миллион адам тыңдайды, деп хабарлайды Red Point.

Димаштың Лондондағы концерті - Sputnik Қазақстан
Мәдениет
Димаш Құдайбергеннің Лондондағы қайталанбас шоуы: қалай өтті?

Сондай-ақ, қазақстандық өнерпаз The Independent интернет басылымының журналисіне өзінің музыкалық және шығармашылық карьерасы туралы айтып берді. Тілші қазақстандық әншіден қайда демалғанды ұнататынын сұрады. Димаш өзге мемлекеттерге тек жұмыс барысымен барғанын, шетелде ешқашан демалмағанын айтты.

"Қазақстанда Ақтөбе деген шағын қала бар. Сол жерде менің отбасым, ата-әжем, бүкіл туысым тұрады. Сол жерде мен керемет демаламын", — деп әнші ашық айтты.

Одан бөлек, жас әнші лондондық "Candid" журналының тілшісі Адам Зорганимен кездесті. Адам "indigo at the O2"залында өткен Димаштың концертінде болғанын және қазақстандықтың шығармасына тәнті екенін жеткізді.

© Photo : Минкультуры и спорта / Никита БасовДимаш Кудайберген в Лондоне, встреча с представителями масс-медиа
Димаш Құдайберген Лондонда - Sputnik Қазақстан
1/4
Димаш Кудайберген в Лондоне, встреча с представителями масс-медиа
© Photo : Минкультуры и спорта / Никита БасовДимаш Кудайберген, встреча со СМИ в Лондоне
Димаш Құдайберген - Sputnik Қазақстан
2/4
Димаш Кудайберген, встреча со СМИ в Лондоне
© Photo : Минкультуры и спорта / Никита БасовДимаш Кудайберген и корреспондент лондонского журнала "Candid" Адам Зоргани
Димаш Құдайберген Лондонда Candid журналының тілшісі Адам Зоргани - Sputnik Қазақстан
3/4
Димаш Кудайберген и корреспондент лондонского журнала "Candid" Адам Зоргани
© Photo : Министерство культуры и спорта / Никита БасовДимаш Құдайберген Лондонда сұхбат берді
Димаш Құдайберген Лондонда сұхбат берді - Sputnik Қазақстан
4/4
Димаш Құдайберген Лондонда сұхбат берді
1/4
Димаш Кудайберген в Лондоне, встреча с представителями масс-медиа
2/4
Димаш Кудайберген, встреча со СМИ в Лондоне
3/4
Димаш Кудайберген и корреспондент лондонского журнала "Candid" Адам Зоргани
4/4
Димаш Құдайберген Лондонда сұхбат берді

"1883" интерактивті мультимедиялық платформасына Димаш өз шығармасы мен болашаққа құрған жоспары туралы әңгімеледі. Портал редакциясы сәнді музыка, кино, саяхат және өнер әлеміндегі соңғы жаңалықтарды таратумен айналысады.

Димаш Құдайбергеннің алғашқы жеке концерті 19 қарашада Лондонда DQ деген атаумен өтті. Концерт залы лық толы болды – талантты әншінің өнерін тамашалауға 45 елден жанкүйерлер келді.

 


Жаңалықтар
0