Өңірлер

"Ішіміз күйіп барады!" Әбден ашынған аналар алтын алқаларынан бас тартты

© Sputnik / Тимур БатыршинӘйел адам
Әйел адам - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Алматы облысында марапат орнына баспана сұраған әйелдерге қатысты дау ушыға түсті

АСТАНА, 22 қараша — Sputnik. Талдықорғанда көпбалалы батыр аналар марапаттарынан бас тартып, "Алтын алқа" және "Күміс алқаларын" әкімдікке тастап кетті, деп хабарлайды КТК.

Ер адам - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Көпбалалы өрт сөндірушіні Назарбаев берген пәтерден қуып жатыр

15 жылдан бері кезекке тұрып, бір баспанаға зар болған аналарды Талдықорған әкімдігіне кездесуге шақырған екен. Алайда қоғамдық ұйым басшылары әйелдердің адалдығына күмән келтіріп, некесіз бала дүниеге әкелгендерін алға тартады.

"Неге өмірімізге араласасыздар? Айтыңыздаршы! Не үшін? Мен де ажырасып кеткенмін! Не үшін деп сұраңыздаршы ал? Кім біздің сөзімізді сөйлейді? Кім түсінеді бізді? Онсыз да ішіміз күйіп барады!", — дейді ашынған аналар.

Ал Талдықорған әкімі Дастан Шалтабаев алтын алқа иегерлеріне арналған мемлекеттік бағдарлама жоқ екенін айтып түсіндіруге тырысты.

"Көп отбасылы аналарға үй салу жайында қарап көреміз. Ал бүгінгі күні менің сіздерге беретін 150 шаршы метрлік үйім жоқ", — дейді қала басшысы.

Батыр аналар мемлекеттік баспана беру процедурасын айқындап, комиссияға тәуелсіз бақылаушыларды енгізуді сұрайды.

"Бұндай  құрметтің керегі жоқ. Сайтында 130-шы болып тұрмын. Ал ЦОН-ға барсам, 258-ші болып тұрсың дейді. Кейін өз қолдарымен түзеп берді", — дейді көпбалалы аналардың  бірі Айнагүл Тоқпанбетова.

Өкінішке орай, бұл жолы да әйелдердің мәселесі шешілген жоқ. Балаға берілетін жәрдемақыға күнелтіп жүрген олар банктердің шартын орындауға жағдайы келмейді. Енді Талдықорғанның батыр аналары президентке петиция әзірлеп жатыр.

Жаңалықтар
0