Әлем

Балалар мінген автобус қабырғаға соғылып қалды

CC0 / Free-Photos / Сынған терезе
Сынған терезе - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қоғамдық көлікте 15 ересек адам мен 17 бала болған, жолаушылардың ешқайсысы зардап шеккен жоқ

АСТАНА, 22 қараша — Sputnik. Владивостокта 30-дан аса жолаушы мінген автобус қабырғаға соғылып қалды.

РИА Новости хабарлағандай, жолаушылардың арасында 17 бала болған.

Автобус апаты - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Қарағанды облысында 45 адам мінген автобус жүк көлігімен соқтығысты - фото

Төтенше жағдайлар министрлігінің басқармасы хабарлағандай, Уссурийсктен шыққан автобус "Фуникулер" аялдамасы жанында тіреу қабырғаға соғылған.

Автобустың есіктері ашылмай, жолаушылар құрсауда қалып қойған. Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер мен құтқарушылар алдыңғы терезені шағып, баспалдақтың көмегімен 17 бала және 15 ересек адамды алып шықты.

Құтқарушылар жолаушыларды межелеген жеріне жеткізіп салды.

Ведомство мәліметінше, жол апаты салдарынан жолаушылар зардап шекпепті.

Жаңалықтар
0