23 қарашада не болғанын білесіз бе?
Бұл күннің несімен есте қалғанын Sputnik Қазақстан дерекқорынан оқыңыз.
23 қарашада қандай қызықты оқиға болды
Тәуелсіз Қазақстан бүгін Жол полициясы күнін атап өтеді. Мереке алғаш рет 1992 жылдың 23 қарашасында бекітілді. Сол уақыттан бері бұл күн Қазақстан мемлекеттік автоинспекциясының туған күні ретінде тойланып жүр. 1996 жылы мемлекеттік автоинспекция жол полициясы болып өзгертілді. Атауы ғана ауыспай, жұмыстағы басымдықтар да өзгерді. Қазіргі жол полицейлерінің алдында тұрған басты міндет: қылмыспен күрес, қоғамдық тәртіпті қадағалау, жолдағы адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
Бүгін әлемнің көптеген елі Саудадан бас тарту күнін мерекелеп жатыр. Саудадан бас тарту күні бүкіләлемдік сипатқа 2001 жылы ие болған. Қазір саудадан бас тарту акциясына 60-тан астам ел қосылды. Алайда аталған мәселені өткен ғасырдың 90-шы жылдары қажетсіз ұсақ-түйектерді сатып алуға қарсы Канада журналисі көтерген еді. Біздің өркениет тұтынушылық ауруымен мен шопингоманияға шалдыққаны рас. Сондықтан бүгін дүкенге кіруі оңай, шығуы қиын жандар үшін ойланатын күн.
Сондай-ақ, бүгін жапондар ұлттық мереке – еңбекке алғыс күнін тойлайды. Аталған мереке 1948 жылы бекітілген, тарихи атауы – "Жаңа өнім мейрамы". Бұл күні Жапонияда өнеркәсіп салаларының жұмысшылары, фермерлер, мемлекеттік қызметшілер мен компания қызметкерлері заңды демалысын алады.
23 қарашада әлемде болған тарихи оқиғалар
1763 жылы Ресейде медицина алқасы құрылды;
1852 жылы Англияда алғашқы пошта жәшіктері қолданыла бастады;
1920 жылы Жуковский атындағы әскери-әуе академиясының негізі қаланды;
1923 жылы Якоб Шик алғашқы электр ұстарасын патенттеді.
23 қарашада Қазақстанда болған тарихи оқиғалар
1992 жылы Алматыдағы Кеңсай зиратында қазақ әдебиетінің классигі Ғабит Мүсіреповтің бейітінің басына ескерткіш орнатылды;
1995 жылы Астана мемлекеттік мұрағатының негізі қаланды;
2000 жылы Солтүстік Қазақстан облысының Булаев ауданы Мағжан Жұмабаев атындағы аудан болып өзгерді;
2007 жылы Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа "Венгрия қыпшақтары одағының құрметті көсемі" атағы берілді;
23 қарашада әлемде туған танымал тұлғалар
1804 жылы АҚШ-тың 14-ші президенті Франклин Пирс туды;
1908 жылы кеңестік жазушы, әйгілі "Незнайка" трилогиясының авторы Николай Носов дүниеге келді;
1934 жылы кеңестік және ресейлік бард, "блатной" әндердің орындаушысы Константин Беляев өмірге келді. "Кругом одни евреи" ән шумағының авторы;
1935 жылы кеңестік және ресейлік поэтесса, прозашы және драматург Лариса Васильева туды. Жиырмадан астам өлеңдер жинағының авторы. "Кремлевские жены" кітабын жазған;
1941 жылы кеңестік және ресейлік мультипликатор, режиссер, суретші, сценарийші Эдуард Назаров өмірге келді;
1954 жылы белгілі спортшы, таэквондодан қара белбеу 6-шы дан иегері, Қазақстан таэквондо федерациясын құрған, таэквондо мектептерін ашқан Мұстафа Өзтүрік дүниеге келді.
23 қарашада Қазақстанда кімдер туды
1915 жылы тарих ғылымдарының докторы, профессор Өміржан Малыбаев дүниеге келді;
1946 жылы суретші-сюрреалист, КСРО және Қазақстан суретшілер одағының мүшесі Есімғали Жұманов өмірге келді;
1954 жылы театр және кино режиссері, кинодраматург, Қазақстанның халық әртісі Талғат Теменов туды;
Ай күнтізбесі
Ай Егіздер белгісінде орналасады. Бүгін жаңа бастаған ісіңіз оңға басып, көздеген мақсатыңызға еш қиындықсыз жетесіз. Болмашы келеңсіздіктерге мән де бермейсіз.