Әлем

Әуежайдан ұшқалы жатқан ұшақ кісі қағып өлтірді – видео

© AP Photo / Seth WenigҰшақ диспетчері
Ұшақ диспетчері - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Yandex newsTelegram
Ұшақ экипажы белгісіз бір затпен соқтығысқаны туралы хабар берген

АСТАНА, 21 қараша — Sputnik. Шереметьево әуежайының ұшу-қону жолағында ер адамның мәйіті табылды.

Қонғалы жатқан ұшақ - Sputnik Қазақстан
Әлем
Ұшақ қонар кезде селфи жасамақ болған екі қыз ажал құшты

РИА Новости жедел қызметтерге сілтеме жасап хабарлағандай, ер адамның денесінде жарақат іздері болған.

Оған дейін әуежайдан Мәскеу-Афины бағдарындағы ұшақ ұшып шыққан екен.

Шереметьево әуежайы берген мәлімет бойынша, 20:10 кезінде экипаж ұшақтың белгісіз бір затпен соқтығысқанын хабарлапты.

Ресейдің Тергеу комитеті Twitter желісінде оқиға орнында түсірілген видеоны жариялады. Видеоны түсірген қызметкердің айтуынша, жолақ бойында ер адамның күртесінің жүні мен қалдықтары, спорттық аяқ киімнің бауы табылған.

Жаңалықтар
0