Дерекқор

Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 22 қараша

© Sputnik22 қараша
22 қараша - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бұл – Григориан күнтізбесі бойынша 326-шы күн. Жыл соңына дейін 39 күн бар.

22 қарашада не болғанын білесіз бе?

Бұл күннің несімен ерекшеленетінін Sputnik Қазақстан дерекқорынан оқыңыз.

22 қарашада қандай қызықты оқиға болды

Бәріміздің жүрегімізден орын алған отбасылық мерекелердің күнтізбесі тағы бір күнмен толықты – Ұлдар күні. Аналар күні сияқты бүкіл дүние жүзіне танылмаса да, ұмытпай, жыл сайын тойлайтындар уақыт өте көбейіп келеді. Бұл – ресми болмаса да, керек мейрам, себебі отбасыны біріктіріп, ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынасты нығайтуды мақсат етеді. Ұлдар күні – балаңызға (жасы нешеде болса да) қаншалықты жақсы көретініңізді айтуға таптырмас күн, азын-аулақ сый жасасаңыз тіпті керемет. Ұл баланың өмірге келуі барша салт-дәстүр, діни наным-сенімдер бойынша мақтан тұтарлық жайт, өйткені ер бала – мұрагер, ұрпақ жалғастырушысы, ата-бабадан қалған әдет-ғұрыпты жалғастырып, ата-анасына қартайған шағында қамқор болады.

Ресейде бүгін Психолог күнін атап өтеді. 2000 жылы осы бір жақсы дәстүр жолға қойылды. Ол кезде ММУ-нің озат студенттер қауымдастығы мен оқытушылар құрамы әлеуметтік өмірдің қай саласында болмасын психологияның маңызы зор екеніне қоғамның назарын аударған болатын. Осындай ерекше мейрамның негізін қалауды өзге ЖОО-лар да қолдау көрсетті. Ал 22 қараша күні тектен-тек таңдалмаған – дәл осы күні 1994 жылы Ресей психологиялық қауымдастықтың съезі өтті.

АҚШ-та бүгін Алғыс айту күні аталып өтеді. Бұл әр америкалықтың өміріндегі айтулы мерекелердің бірі. 1789 жылы Джордж Вашингтон оған ресми мәртебе берді. Жүздеген жылдар бойы осы мерекеде дастархан басына міндетті түрде қойылатын тағамдар – ішіне турама салынған күркетауық пен мүкжидек тұздығы, асқабақ бәліші, каштан мен алма. Сонымен бірге, бұл күні америкалықтар түрлі шерулер өткізіп, қала көшелерінде 17 ғасырдағы үндістер киімін киіп алып серуендейді.

Бүгін тағы бір керемет мереке – кофеханада отырып жылыну күні. Далада қаттың тоңып, денеңіз мүздап кетсе, жақсы бір кофеханаға кіріп, бір шыныаяқ кофе ішіп алыңыз. Сонда осы мерекені атап өтіп қана қоймай, жылынып та аласыз. Сөйтіп, екі оқпен бір қоянды атасыз. Мереке құтты болсын!

22 қарашада әлемде қандай тарихи оқиғалар болды

1717 жылы Астрахань губерниясы құрылды;

1963 жылы Далласқа барған кезде АҚШ президенті  Джон Кеннеди өлтірілді;

1968 жылы The Beatles тобы аты аңызға айналған "The White Album" альбомын шығарды;

1977 жылы Лондон мен Парижден Нью-Йоркке "Конкорд" дыбыстан ұшқыр жолаушылар ұшағының тұрақты рейсі аттандырыла бастады.

22 қарашада Қазақстанда болған тарихи оқиғалар

1997 жылы Алматыда Қазақстан дәрігерлерінің бірінші съезі өтті;

1998 жылы Алматыда Хамит Ерғалиев тұрған үйге мемориалдық тақта орнатылды;

2004 жылы Қызылорда қаласының көшелерінің біріне танымал жазушы әрі журналист Орман Нұрқабаевтың есімі берілді;

2007 жылы Мойынқұм шөлейтінің пайдалы қазбалар тізімі зергерлік алмаспен толықты.

22 қарашада дүниеге келген танымал тұлғалар

1801 жылы дәрігер, жазушы, этнограф, лексикограф, "Орыс тілінің түсіндірме сөздігінің" авторы Владимир Даль дүниеге келді;

1928 жылы кеңестік және ресейлік ақын, театр және кино актері Николай Добронравов дүниеге келді. КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1982);

1957 жылы кеңестік және ресейлік әнші, "Мануфактура", "Форум" және "Электроклуб" топтарының солисі Виктор Салтыков дүниеге келді;

1961 жылы орыс жазушысы, "Омон Ра", "Чапаев и Пустота", "Empire V" романдарының авторы Виктор Пелевин дүниеге келді. Көптеген әдебиет сыйлықтарының лауреаты, олардың ішінде "Малый Буккер" (1993) және "Национальный бестселлер" (2004);

1984 жылы америкалық актриса және әнші Скарлетт Йоханссон дүниеге келді. BAFTA сыйлығының лауреаты ("Аударма қиындықтары", "Маржан сырғалы қыз", "Люси", "Кек алушы", "Вики Кристина Барселона" фильмдері).

22 қарашада Қазақстанда кімдер дүниеге келді

1914 жылы театр және кино суретшісі, Қазақ КСР еңбек сіңірген өнер қайраткері Құлахмет Қожықов дүниеге келді;

1918 жылы ақын, жазушы, әдеби сыншы Тәкен Әлімқұлов дүниеге келді;

1962 жылы мемлекет қайраткері, Қазақстан Республикасының бұрынғы Бас прокуроры Асхат Дауылбаев дүниеге келді.

Ай күнтізбесі

Ай Торпақ белгісінде орналасады. Айналаңызға қарасаңыз, өмірдің қандай керемет екенін, әлі талай дүниені танып білмегеніңізді байқайсыз. Жұмысқа қатты берілудің қажеті жоқ, ақшаның түбіне бәрі бір жетпейсіз, ал өмір қамшының сабындай қысқа. Олай болса, шаруаны қоя тұрып, шытырманға толы қызық өмірге қадам басыңыз.

Жаңалықтар
0