Қоғам

Атышулы бизнесмен Қайрат Жамалиев тағы айыпталды

© Sputnik / Табылды КадырбековІс қозғалды
Іс қозғалды - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Астана тұрғыны кәсіпкерді бұзақылық жасады деп айыптаған

АСТАНА, 21 қараша — Sputnik. Елордалық полиция департаментіне "Әліби ісі" бойынша атышулы бизнесмен Қайрат Жамалиевті бұзақылық үшін айыптап Астана тұрғыны арыз жазды.

түрме - Sputnik Қазақстан
Қоғам
"Әліби ісі": Атышулы бизнесмен Қайрат Жамалиев бостандыққа шықты

Астананың полиция департаменті Қайрат Жамалиевтің атына түскен арызды сотқа дейінгі тергеулердің бірыңғай реестріне тіркегенін растады – бизнесменге бұзақылық жасады деген айып тағылған. 

"Құқық қорғау органдарына Астана тұрғыны бұзақылық туралы арыз жазды. Ол Қайрат Жамалиевке айып тағып отыр. Арыз беруші мен күдікті арасында қандай жағдай болғанын әзірше айта алмаймыз. Тергеу туралы басқа ақпарат жарияланбайды", — деп хабарлады полиция департаментінің ресми өкілі Софья Қылышбекова.

Естеріңізге сала кетсек, Қайрат Жамалиев 2015 жылы Әліби Жұмағұловты соққыға жыққаны үшін айыпты деп танылып, 13 жылға сотталған. Жұмағұловтың әкесі қылмыскерді жазалау үшін халыққа үндеу тастаған соң, бұл іс қоғамның назарына іліккен болатын. Кейінірек Жамалиевтың жаза мерзімі 7 жылға дейін қысқартылды. Соған қарамастан Жамалиев бұл уақытты да түрмеде өтемеді. Биыл шілде айында өтелмеген жаза мерзімін айыппұлмен алмастырған.

Жаңалықтар
0