Спорт

Қазақстан тарихта алғаш рет парадзюдодан алтын жеңіп алды

© Photo : Пресс-служба РГКП "Дирекции развития спорта"Медаль
Медаль - Sputnik Қазақстан
Жазылу
60 килограмм салмақ дәрежесінде белдескен спортшы 18 жаста

АСТАНА, 19 қараша — Sputnik. 16-18 қараша аралығында Португалияның Одивелаш қаласында парадзюдодан өткен әлем чемпионатында отандасымыз Олжас Оразалыұлы Қазақстан тарихында алғаш рет осы спорт түрінен алтын жүлде жеңіп алды. 

60 килограмм салмақ дәрежесінде белдескен балуан қазір 18 жаста. Ол испаниялық Боржа Пахиссаны иппонмен, екінші кездесуінде жапон балуаны Такааки Хирайды, ширек финалда алжирлік Моулоуд Ноураны таза жеңді. Ал жартылай финалда әзербайжандық Орхан Гараевтан басым түсіп, финалда Алжир спортшысы Ишак Оулдкоуидерді ұтып, ел қоржынына алтын медаль салды.

Осылайша еліміз 42 мемлекет, 267 дзюдошы қатысқан дүбірлі додада командалық есепте 1 алтынмен 10-орынға тұрақтады. Әлем чемпионатында Қазақстан намысын 7 балуан қорғады.

Жаңалықтар
0