Кәмелеттік жасқа толмаған қатысушы София Флерш Макаодағы "Формула-3" Гран-при кезеңінде жантүршігерлік апатқа ұшырады.
Қыз айдап келе жатқан көлік трассадан ұшып кеткен. Содан соң тор қоршауды бұзып өтіп, қауіпсіздік рельсінің ар жағына бір-ақ шықты.
Жүргізушіні ауруханаға жеткізгенде есін жоғалтпаған, деп жазады Р-Спорт халықаралық автомобиль федерациясына сілтеме жасап.
Motorsport.com хабарлағандай, апат салдарынан үш көрермен мен екі фотографқа медициналық жәрдем қажет болған.
Апаттан соң жарыс қызыл жалаулармен тоқтатылды. Жарысқа жеті дүркін "Формула-1" чемпионы Михаэль Шумахердің ұлы Мик Шумахер де қатысып жатқан еді.