Мәдениет

Мәскеуде ресейлік студенттер қазақ тілін не үшін үйреніп жатыр?

© Photo : предоставлены Посольством Республики Казахстан в РФМәскеу мемлекеттік лингвистикалық университетінде 15 жылдан бері қазақ тілі мен мәдениеті орталығы жұмыс істейді
Мәскеу мемлекеттік лингвистикалық университетінде 15 жылдан бері қазақ тілі мен мәдениеті орталығы жұмыс істейді - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Мәскеу мемлекеттік лингвистикалық университетінде 15 жылдан бері қазақ тілі мен мәдениеті орталығы жұмыс істейді. Оның түлектері аудармашы ғана емес, дипломат та болады

МӘСКЕУ, 17 қараша — Sputnik. Мәскеу мемлекеттік лингвистикалық университетінде оқу орнының Қазақ тілі мен мәдениеті орталығының 15 жылдығына арналған дөңгелек үстел өтті.  

Қазақстанның Ресейдегі елшісі Иманғали Тасмағамбетов оқу орталығының жұмысын өз көзімен көріп, студенттермен мерейтойды атап өту үшін арнайы келді. Университет табалдырығында оны ұлттық киім киген қыздар, ал залда әр жылдары Мәскеу мемлекеттік лингвистикалық университетінің Қазақ тілі мен мәдениеті орталығын басқарған қазақстандық ұстаздар қарсы алды.

Самал Еслямова - Sputnik Қазақстан
Мәдениет
Самал Еслямова Мәскеуде қазақ тілін естігенде не сезінетінін айтты

"Он бес жыл, әрине, ұзақ уақыт. Орталық шынымен де жұмыс істейтінін уақыт көрсетті. Бұл кейбір артефактілер, этникалық сувенирлер мен кітаптар қойылған жай ғана әдемі кеңсе емес. Шын мәнінде зерттеу және білім беру орталығы", — деді Мәскеу мемлекеттік лингвистикалық университетінің ректоры Ирина Краева тілшісіне.  

Қазақ тілі кәсіби қарым-қатынас тілі ретінде үйретіледі. Краев әзірге қазақ тілі аудармашысына сұраныс аз екеніне қынжылыс білдірді. 

"Қазіргі таңда қазақстандықтар орыс тілін жақсы біледі – бұл жақсы. Дегенмен, қазақ тілін қажет ететін хаттамалық лауазымдар да бар. Орталық түлектері, мысалы, Ресей Федерациясының Қазақстан Республикасындағы елшілігінде жұмыс істей алады", — дейді ол.

Университетте қазақ тілі факультативті емес, оқу бағдарламасы бойынша оқытылады.  

© Photo : предоставлены Посольством Республики Казахстан в РФМәскеу мемлекеттік лингвистикалық университетінде 15 жылдан бері қазақ тілі мен мәдениеті орталығы жұмыс істейді
Мәскеу мемлекеттік лингвистикалық университетінде 15 жылдан бері қазақ тілі мен мәдениеті орталығы жұмыс істейді - Sputnik Қазақстан
1/4
Мәскеу мемлекеттік лингвистикалық университетінде 15 жылдан бері қазақ тілі мен мәдениеті орталығы жұмыс істейді
© Photo : предоставлены Посольством Республики Казахстан в РФҚазақстанның Ресейдегі елшісі Иманғали Тасмағамбетов
Қазақстанның Ресейдегі елшісі Иманғали Тасмағамбетов - Sputnik Қазақстан
2/4
Қазақстанның Ресейдегі елшісі Иманғали Тасмағамбетов
© Photo : предоставлены Посольством Республики Казахстан в РФМәскеу мемлекеттік лингвистикалық университетінде 15 жылдан бері қазақ тілі мен мәдениеті орталығы жұмыс істейді
Мәскеу мемлекеттік лингвистикалық университетінде 15 жылдан бері қазақ тілі мен мәдениеті орталығы жұмыс істейді - Sputnik Қазақстан
3/4
Мәскеу мемлекеттік лингвистикалық университетінде 15 жылдан бері қазақ тілі мен мәдениеті орталығы жұмыс істейді
© Photo : предоставлено Посольством Республики Казахстан в РФМәскеу мемлекеттік лингвистикалық университетінде 15 жылдан бері қазақ тілі мен мәдениеті орталығы жұмыс істейді
Мәскеу мемлекеттік лингвистикалық университетінде 15 жылдан бері қазақ тілі мен мәдениеті орталығы жұмыс істейді - Sputnik Қазақстан
4/4
Мәскеу мемлекеттік лингвистикалық университетінде 15 жылдан бері қазақ тілі мен мәдениеті орталығы жұмыс істейді
1/4
Мәскеу мемлекеттік лингвистикалық университетінде 15 жылдан бері қазақ тілі мен мәдениеті орталығы жұмыс істейді
2/4
Қазақстанның Ресейдегі елшісі Иманғали Тасмағамбетов
3/4
Мәскеу мемлекеттік лингвистикалық университетінде 15 жылдан бері қазақ тілі мен мәдениеті орталығы жұмыс істейді
4/4
Мәскеу мемлекеттік лингвистикалық университетінде 15 жылдан бері қазақ тілі мен мәдениеті орталығы жұмыс істейді

"Қазақ тілін оқитын студенттер шынайы өмірге араласады, олар қазақ елшілігінде сұранысқа ие. Оларды үнемі іс-шараларға шақырады, ағылшын тобында оқитын студенттер сияқты тағылымдамадан өту кезінде қаржылық және визалық мәселелерге тап келмейді. Біздің студенттер Қазақстанға барады, бұл қауіпсіз. Ал бір жылдан соң басқа студенттер оларға қызыға қарай бастайды, өйткені олар іс-шаралардың бел ортасында жүреді", — дейді Ирина Краева. 

15 жылда Мәскеу мемлекеттік лингвистикалық университетінің Қазақ тілі мен мәдениеті орталығында 50-ге жуық студент білім алды. Соңғы бес жылда орталықты Кәмшат Шахатова басқарады, ол өз жұмысын "қиын, бірақ қызықты" деп санайды.

қазақ тіліндегі кітаптар мен оқулықтар, архив - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Қазақ тілі әлемнің 60 елінде оқытылатын болады

"Студенттер қазақ тілін үйренетінін білген кезде, әртүрлі реакция танытады, мысалы, Ресей азаматы Арина Бобкова оқуға түскенге дейін Қазақстанда ешқашан болмаған, бірақ мектепте жүргенде казақстандық қызбен достасқан екен, қазақ тіліне қызығушылық танытып, тіпті өз бетінше үйрене бастапты. Ол университеттегі екінші тіл қазақша болатынын білгенде, қатты қуанды. Ал бастапқыда ренжігендер жарты жылдан кейін-ақ топқа сіңісіп кетеді", — дейді Кәмшат Шахатова. 

Қазіргі тоғыз студенттің бесеуі өз жұмысын қазақ тілімен байланыстырғысы келеді.  


Жаңалықтар
0