Спорт

Тарихта алғаш рет: АҚШ-та 20 жастағы қазақ баласы команда капитаны болды

© Sputnik / Виталий Белоусов / Медиабанкке өтуХоккей
Хоккей - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Құрама Штаттағы Шығыс Лигасы жартылай мемлекеттік, сондықтан онда капитан болу былай тұрсын, екінің бірі ойнай алмайды

АСТАНА, 17 қараша — Sputnik. Азат Тұрсынханов АҚШ-тың Филодельфия қаласындағы "Lehigh Valley" хоккей командасының капитаны болды. 

Азат Тұрсынханов 1998 жылы 14 қыркүйекте Алматы қаласында дүниеге келген. 2003 жылдан 2015 жылға дейін астаналық хоккей құрамасында шабуылшы болды. 3 жыл бұрын жас ойыншы бақытты шетелден іздей бастады. Анығында Канадаға аттанды, деп жазды prosports.kz. 

Доп - Sputnik Қазақстан
Спорт
Шетелде ойнап жүрген қазақ баласын "Қайрат" миллион еуроға сатып алмақ

Канадада Азат GMHL лигасында ойнады, ал қазір қазақстандық спортшы Пенсильвания штатының Филадельфия қаласында EHL лигасына кіретін Lehigh Valley командасының капитаны. 

Айтпақшы, Құрама Штаттағы Шығыс Лигасы жартылай мемлекеттік мәртебеге ие. Сондықтан ол шетелдік ойыншыларға шектеу қойылған. Екінің бірі ойнай алмайды. Ал, Азат сол жақта ойнап, 20 жасында капитандыққа қол жеткізді.

"Бала күнімде хоккейге әкем қатыстырды. Мен қаннан қорқатын едім. Хоккейшілердің тартысып, бірін-бірі ұрып, төбелесіп ойнайтынын теледидардан көріп, бұл спортты мүлде ұнатпадым. Қарсылығыма қарамастан мені хоккейге қатыстырды. Бірақ кейін үйреніп кеттім. Тіпті ұнап кетті. Филадельфияға да тек хоккей ойнау мақсатында келдім. Бапкеріммен, ойыншылармен жақсы қатынастамын", – дейді хоккейші.

Азат Тұрсынханов 3 жыл жастар құрамасында ойнаған. 

"Тәжірибем болған соң мені капитан қылған шығар. Мұны өзім де күтпеген едім. Мен мұнда жастарға үлгі көрсетуім керек. Қазақстан атынан шығамын. Көбісі Қазақстанды Пәкістан не Ауғанстан деп ойлайды. Бірақ Геннадий Головкинді біледі", — деп түйіндеді жас ойыншы. 


Жаңалықтар
0