Әлем

Дәрігерлер қателесіп науқастың екі бірдей бүйрегін алып тастады

© Sputnik / Игорь Онучин / Медиабанкке өтуМедицинский работники в операционной перинатального центра, архивное фото
Медицинский работники в операционной перинатального центра, архивное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Сондай-ақ, дәрігерлердің бастапқы диагнозды дұрыс қоймағаны белгілі болды

АСТАНА, 17 қараша — Sputnik. Мамандар Америкадағы Колорадо штаты тұрғынының екі бірдей бүйрегін қателесіп алып тастады, деп хабарлайды Fox 31 телеарнасы.

Операция - Sputnik Қазақстан
Дәрігерлер қыздың мұрнындағы өсіп шыққан тісті алып тастады

Наурыз айында дәрігерлер 73 жастағы Линда Вуллидің бүйрегінде қатерлі ісік барын анықтап, мамыр айында екі бірдей бүйрегін алып тастайды. Алайда артынша наурыз айында жүргізілген зерттеудің оң нәтиже бермегені анықталады. Яғни әйелдің еш бүйрегінде қатерлі ісік жоқ.

Енді Вуллиге жылдам жоқ дегенде бір бүйрек табу керек. Ал АҚШ-та трансплантацияны орташа есеппен жеті жыл күтеді.

"Меніңше, олар маған бүйрек қарыз. Ауруханаға түсіп, таңдауың жоқ екенін айтқан кезде барлық адам дәл осылай қорқады деп ойлаймын. Әдетте біз оларға қамқор болады деп сеніп барамыз", — деді ол.

Жаңалықтар
0