Әлем

Түркияда Ресей елшісіне жасалған қастандық: қанды оқиғаны тергеу аяқталды

© Sputnik / Максим Блинов / Медиабанкке өтуРесейдің Түркиядағы елшісі А. Карлов портретіне қойылған гүлдер
Ресейдің Түркиядағы елшісі А. Карлов портретіне қойылған гүлдер - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Сотқа дейінгі тергеу нәтижесі бойынша айыптау қорытындысы әлі бекітілген жоқ

АСТАНА, 16 қараша — Sputnik. Түркияда РФ-ның Анкарадағы елшісі Андрей Карловты өлтіру ісі бойынша сотқа дейінгі тергеу аяқталды. Бұл туралы Anadolu түрік ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Ресей елшілігі орналасқан көшені РФ елшісі Карловтың құрметіне өзгертеді - Sputnik Қазақстан
Видео
Ресей елшілігі орналасқан көшені РФ елшісі Карловтың құрметіне өзгертеді

Дипломатқа жасалған қастандықты тергеумен айналысқан прокурор Адем Акынджи әзірлеген айыптау қорытындысы Анкараның республикалық прокуратурасына жіберілген. Елдің бас қадағалау органы құжатты бекітуі тиіс.

Бекіткен жағдайда, іс әрі қарай сотқа жіберіледі.

Ресейдің Анкарадағы елшісі Андрей Карлов 2016 жылы 19 желтоқсанда "Ресей түріктердің көзімен" көрмесінің ашылуында қастандық жасалып қаза тапқан еді. Елшіге оқ атылған сәт видеоға түсіп, әлемдік БАҚ көздерінде тарап кеткен. Түрік билік өкілдерінің мәліметінше, шабуылды жасаған полиция қызметкері Мевлют Алтынташ, қауіпсіздік қызметі оқиға орнында оның көзін жойды. Карловқа Ресейдің батыры атағы берілді.

Ресей елшісіне жасалған қастандық аясында бірнеше адам қамауға алынған, олардың арасында Guru медиа-тобының басшысы Хайреддин Айдынбаш және РФ елшісі қаза тапқан көрменің ұйымдастырушысы – Мустафа Тимур Озкан бар.

Жаңалықтар
0