Қоғам

Назарбаев теңгенің алғашқы партиясын көрсетті – 25 жыл бұрынғы видео

© Sputnik / Тимур БатыршинҚР Ұлттық банк музейі
ҚР Ұлттық банк музейі - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстандықтар тәуелсіз еліміздің жаңа валютасымен қалай танысқанын архив видеодан тамашалаңыз

АСТАНА, 15 қараша — Sputnik. Бейсенбі 15 қарашада Қазақстан 25 жыл бұрын айналысқа енгізілген ұлттық валютаның мерейтойын атап өтіп жатыр.

Қазақстандық теңге КСРО ыдырағаннан кейін енгізілді. Одақтың ресми валютасы ресейлік рубль болатын.

1993 жылдың 15 қарашасында Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев азаматтарға алғаш рет ұлттық валютаны таныстырды. Кадрларда Елбасының жасы 53-те.

теңгеге 25 жыл - Sputnik Қазақстан
Экономика
Ұлттық валютаға 25 жыл: Теңге Ұлыбританиядан неге құпия түрде жеткізілді?
Еске алар болсақ, Қазақстанда ұлттық валютаны енгізу жұмыстары 1992 жылы басталған болатын. Сол жылдың 27 тамызында Ұлттық банк теңге купюрасының үлгілерін бекітті. Ертесіне ұлттық валютаны әзірлеуге кіріскен Тимур Сүлейменов, Меңдібай Алин, Ағымсалы Дүзелханов, Қайролла Әбжәлеловтер Англияға аттанды. 

Алғашқы төл теңгеміз Ұлыбританияның әйгілі "Харрисон және ұлдары" фабрикасында басылып шықты. Тұманды Альбион елінен ұлттық валютаны Қазақстанға жеткізу құпия жолмен жүргізілді. Ұлттық валютаның алғашқы партияларын сақтау үшін облыстарда жерасты қойма дайындалды. Сегіз күн ішінде валюта облыстар мен аудандардағы банктерге түгелдей таратылды.

Жаңалықтар
0