АСТАНА, 15 қараша — Sputnik. Астанада бомба қойылғаны туралы жасырын хабарламадан кейін үй тұрғындары көшірілді, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.
Астана қаласының полиция департаментінің мәліметінше, ведомство лаңкестік актісі туралы жалған ақпарат беру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізуде.
Полицияның ақпаратына қарағанда, Жирентаев көшесі, 14 мекен-жайы бойынша орналасқан тұрғын үйдің ғимаратын тексеру жұмыстары аяқталған. Қауіпті және тыйым салынған заттар табылмағандықтан, нысан қоршаудан алынды.
Құзыретті органдар қазіргі таңда хабарламаны кім таратқанын
анықтап жатыр.