АСТАНА, 14 қараша — Sputnik. Қазгидромет алдағы үш күнге ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
"Суық жəне кең алқапты антициклон Қазақстанның ауа райына əлі де əсерін сақтайды. Республиканың басым облысында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады, сонымен қатар ауа температурасының аздаған жоғарылауы күтіледі", — деп хабарлайды синоптиктер.
Тек Қазақстанның қиыр солтүстігінде кей жерлерде аздаған қар, ал 17 қарашада батыстан соққан жел күшейіп, бұрқасындатады.