Оқиға

Астанада мектепке "бомба қойған" 15 жастағы оқушы ұсталды

© Sputnik / Жоомарт УраимовТелефон
Телефон - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Yandex newsTelegram
Мектепке бомба қойылғаны туралы хабардан кейін 1 800 адам қауіпсіз жерге көшірілді

АСТАНА, 14 қараша — Sputnik. Бүгін Астана қаласында №22 мектептің директоры 102 каналына хабарласып, ғимарат ішіне бомба қойылған болуы мүмкін екенін айтты. Яғни директорға белгісіз адам қоңырау шалып, мектептің сағат 11 шамасында жарылатынын жеткізген. Көп ұзамай терроризм туралы жалған хабар берген күдікті ұсталды, деп хабарлайды қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Жалған терроризм - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Рудныйда скотчпен оралған "бомба" жұрттың зәресін алды
Полиция қызметкерлері мектепке бірнеше минутта жетіп, оқушылар, педагогтер және өзге де мектеп қызметкерлері — 1800 адамды қауіпсіз жерге көшірді. 

"Сағат 10:05 шамасында тексеріс аяқталды. Объект ішінде қауіпті және тыйым салынған заттар табылмады. Жедел іздестіру шаралары нәтижесінде жасөспірім ұсталды. 15 жастағы оқушы өрт туралы өзінің хабарлағанын мойындады. ҚР ҚК 273-бап "Терроризм актісі туралы жалған хабар беру" бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды", — делінген Астана қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламады. 

Қазақстан Республикасында мұндай қылмыс үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік қарастырылған. 273-бапқа сәйкес, азамат алты жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Тағы оқыңыз:

Қылмыстық кодекстің 80-бабына сәйкес, кісі өлтіру, денсаулыққа әдейі зиян келтіру, зорлау, бұзақылық, ұрлық, тартып алу, терроризм актісі, терроризм актісі туралы жалған хабар тарату сынды қылмыстар үшін жасөспірімдер 14 жастан бастап жауапкершілікке тартылады.

"Жаңа техникалық құрылғылардың арқасында осы секілді қылмыстарды ашып, кімнің жалған хабар бергенін анықтау қиын емес", — деді Астана қаласы полиция департаментінің баспасөз хатшысы София Қылышбекова.

Жаңалықтар
0