Қоғам

Алматының тергеу абақтысында электронды кезек пайда болады

© Sputnik / Тимур БатыршинКісен, архивтегі фото
Кісен, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Заманға сай бақылау-өткізу пункті келушілердің күту уақытын үш есе қысқартуы тиіс

АЛМАТЫ, 14 қараша — Sputnik.  Алматының тергеу абақтысына келушілер енді "билетпен" кіреді. Электронды кезекпен жұмыс істейтін заманауи бақылау пункті ашылатыны туралы Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің (ҚАЖД) баспасөз қызметі хабарлады.

Павлодарда сәбилер балабақшаға саусақ ізі арқылы қабылданады - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Павлодарда сәбилер балабақшаға саусақ ізі бойынша қабылданады

"ЛА-155/18 мекемесінде бір терезе қағидаты негізінде заманауи бақылау бекетін салу басымдықтардың бірі саналады, бұл келушілерге қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік береді", — деп хабарлады ҚАЖД баспасөз қызметі.

Департаменттің мәліметінше, жаңа бақылау-өткізу пункті іске қосылғаннан кейін келушілер бірнеше бақылау пунктінен өтпейді, олар енді үш есе аз күтеді – орташа уақыт бір сағаттан 20 минутқа дейін қысқарады.

Жаңа құрылыс осы жылдың желтоқсан айының ортасына дейін салынып бітуі тиіс. Жоба Алматы прокуратурасы мен қала әкімдігі тарапынан қолдау тапты.


Жаңалықтар
0