Қоғам

"Дайын болыңыздар!" Сағынтаев әкімдерге ескерту жасады

© Sputnik / Екатерина Штукина / Медиабанкке өтуПортфелдің архивтегі фотосы
Портфелдің архивтегі фотосы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ұлттық экономика министрі баяндағандай, Қазақстанның төрт өңірінде халықтың нақты ақшалай табысы төмен

АСТАНА, 13 қараша – Sputnik. Үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаев министрлер мен әкімдерге халықтың нақты табысын көтеру мәселесін бірінші кезекке қоюды тапсырды, деп хабарлайды тілшісі. 

Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов баяндағандай, Алматы облысы, Алматы қаласы, Қызылорда және Маңғыстау облыстарында халықтың нақты ақшалай табысы төмен. Премьер-министр үкімет отырысында осы төрт өңірдің әкімдерінен мұның себебін сұрады. Сағынтаев президенттің қойып отырған талабы, бірінші кезекте, халықтың нақты табысын көтеру екенін атап өтті. 

Бақытжан Сағынтаев - Sputnik Қазақстан
Экономика
Сағынтаев ұлттық экономика вице-министріне сөгіс жариялады

"Мен сол себептен төрт өңірден сұрап отырмын. Әр айдың қорытындысы бойынша есеп берген кезде, ең алдымен, осыған көңіл бөлесіздер. Сіздер келесі айдың соңында құрылысты пайдалануға береміз, өндірісті іске қосамыз дейсіздер, ал нақты табыс қалай өсетінін айтпайсыздар", — деді үкімет басшысы отырыста. 

Әкімдердің жауабына Сағынтаевтың көңілі толмады. 

"Құрметті әріптестер, сіздерге алғаш рет осындай сұрақ қойылып отыр. Шын мәнінде, берер жауаптарыңыз жоқ. Бәрі сол статистиканың мәліметі дұрыс емес немесе орташа жалақы жоғары дегенге ғана саяды. Ал нақты табыс төмен. Мұның себебі неде? Соған талдау керек", — деді премьер-министр. 

Үкімет басшысы бұл, бірінші кезекте, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мен жергілікті әкімдіктердің жұмысы екенін айтты. 

"Келесі жолы он бір айдың қорытындысы бойынша барлығыңыз осы сұраққа жауап беруге дайын болыңыздар", — деп тапсырды Сағынтаев.


Жаңалықтар
0