Қоғам

Дінмұхамед Қонаевтың қарындасы қайтыс болды

© Photo : СС0 / emmzettРаушан
Раушан - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Алматыда 90 жасында дүниеден озған танымал қазақстандық саясаткердің қарындасымен қоштасу Алматыда өтеді

АЛМАТЫ, 13 қараша — Sputnik. Сейсенбі, 13 қарашада Алматыда Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің бұрынғы бірінші хатшысы Дінмұхамед Қонаевтың қарындасы Сара Ахметқызы Қонаева қайтыс болды. 

Бұл туралы тілшісіне отбасының досы – Қазақстанның құрметті ұшқышы Мақаш Әбішев хабарлады.

Мұхтар Әуезов атындағы мемлекеттік академиялық драма театры - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Қазақстанның халық әртісі дүниеден озды

Сара Ахметқызымен қоштасу 14 қарашада сағат 11.00-де Пушкин көшесі, 50 мекен-жайында өтеді.

Сара 91 жасқа қараған шағында қайтыс болды. 1944 жылы 17 жасында Алматы қаласындағы Орталық телеграфтағы жедел хат жіберу бөлімінде жұмыс істеді. 1946 жылы Алматы медицина институтына түсіп, 1953 жылы бітірді.  

1956 жылдан бастап Қазақ КСР Министрлер Кеңесі емханасының бактериологиялық зертханасында еңбек етті.

Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев – белгілі кеңестік партия және мемлекет қайраткері. Екі рет Қазақ КСР Коммунистік партиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы (1960-1962, 1964-1986), КОКП Орталық Комитеті Саяси бюросының мүшесі болды. КСРО Жоғарғы Кеңесінің депутаты. Үш мәрте Социалистік Еңбек Ері, жүзден астам ғылыми еңбектің авторы. Қазақ КСР Ғылым Академиясының академигі. 

Дінмұхамед Қонаев 1993 жылы тамызда 81 жасында дүниеден озды.  


Жаңалықтар
0