Видео

АҚШ-тағы алапат өрт: 300 мың адам үйін тастап қашуға мәжбүр болды - видео

Жазылу
Калифорниядағы жойқын өрттің салдарынан 300 мыңнан астам адам қауіпсіз жерге көшірілген

Округтің шерифі Бьютт Кори Хонеаның сөзіне сүйенсек, Camp табиғи өрті АҚШ тарихындағы ең жойқын өрттердің бірі болды. Төтенше жағдай салдарынан 42 адамның қаза тапқаны белгілі.

Тілсіз жау солтүстік Калифорнияны бірнеше күннен бері жайлап алды. Camp табиғи өрті 6,47 мың құрылысты жойып, 45 мың гектардан астам жер отқа оранған, деп хабарлайды РИА Новости.

Кадрларда қорғаныс бетпердесін киіп алған адамдар өртенген үйлерді қалпына келтіріп жатыр. Көзді ашытатын түтін салдарынан ауа сарғайып, көкжиек мүлдем көрінбей кетті.

Жалын штаттың оңтүстігін де шарпыған, онда өрт сөндірушілер екі өртену ошағымен күресіп жатыр: 180 құрылыс жойылып, 57 мың ғимаратқа қауіп төніп тұр. 

АҚШ президенті Дональд Трамп Калифорнияда ірі табиғи апат режимін жариялады.

Жаңалықтар
0