Дерекқор

Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 13 қараша

© Sputnik13 қараша, күнтізбе
13 қараша, күнтізбе - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бұл Григориан күнтізбесінде 317-ші күн. Жыл соңына дейін 48 күн бар.

13 қарашада не болғанын білесіз бе?

Бұл күннің несімен есте қалғанын Sputnik Қазақстан дерекқорынан оқыңыз.

13 қарашада қандай қызықты оқиға болды 

Бүгін мерекелердің ішіндегі ең "мейірімдісі" Бүкіләлемдік мейірімділік күні аталып өтеді. Мейірімді болу денсаулыққа да пайдалы деп айтып жатады. Ғалымдар арнайы зерттеу жүргізіп, мейірімді адамдардың өзгелерге қарағанда аз ауырып, 9 жылға ұзағырақ өмір сүретінін анықтады. Қайырымды жандардың жүрегі сау, ал иммунитеті мықты болады. Француз суретшісі Орель осы күн үшін "ашық жүрек" түрінде арнайы символ ойлап тапқан еді. 13 қарашада адамдар дәстүр бойынша ата-анасы мен жақын достарына гүл сыйлап, жылы, мақтау сөздер айтады, қайырымдылық шараларына қатысып, жақсылық жасайды. 

Сондай-ақ, бүгін – әрбір үйдің ас үйінен табылатын сосисканың туған күні.  Бұл өнімді жақсы көрмейтін адам кемде-кем шығар. Сосисканы қуырып та, пісіріп те, қамырға орап та жеуге болады. Сосискадан әзірленетін тағам түрінің көптігі соншалық, санап тауыса алмайсың. Оның танымалдылығының құпиясы – жылдам әрі оңай дайындалуында. 

Бүгін – Халықаралық зағиптар күні. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы бұл мерекені француз педагогы Валентин Гаюидің туған күніне орайластыру туралы шешім қабылдайды. Гаюи зағип балалар үшін өз ақшасына әлемдегі алғашқы мектепті ашқан. 

13 қарашада әлемде болған тарихи оқиғалар 

1805 жылы веналық ет сатушы Иоганн Ланер сосисканы ойлап тапты; 

1872 жылы Лев Николаевич Толстойдың "Азбукасының" алғашқы басылымы жарыққа шықты; 

1971 жылы "Mariner 9" автоматты планетааралық станциясы орбитаға шығып, Марстың алғашқы жасанды серігі болды. 

13 қарашада Қазақстанда болған тарихи оқиғалар 

1970 жылы "Қыз Жібек" көркем фильмі прокатқа шықты; 

1997 жылы ҚР Ұлттық банкінің музейі ресми түрде ашылды; 

2007 жылы Қызылорда облысы Жаңақорған ауданында Сыр өзені арқылы өтетін жаңа көпір іске қосылды;

2013 жылы Таразда Қазақстанда ұлттық валютаның енгізілуіне орай естелік стела ашылды. 

13 қарашада әлемде туған танымал тұлғалар 

1745 жылы француз педагогы, зағип жандарға арналған әліпбидің авторы Валентин Гаюи дүниеге келді; 

1850 жылы ағылшын жазушысы Роберт Льюис Стивенсон ("Қазына аралы") өмірге келді;

1955 жылы америкалық театр және кино әртісі, продюсер, сценарийші, тележүргізуші Вупи Голдберг өмірге келді (фильмдері: "Джек-попрыгун", "Воровка", "Роковая красотка", "Приведение");

1969 жылы шотланд киноәртісі Джерард Батлер туды (фильмдері: "300 спартанцев", "Законопослушный гражданин", "Голая правда");

13 қарашада Қазақстанда кімдер туды

1954 жылы VI сайланған ҚР парламенті мәжілісінің депутаты Асқар Базарбаев өмірге келді; 

1955 жылы Халықаралық дәрежедегі хоккейден спорт шебері, қысқы Олимпиада чемпионы, Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы Борис Александров дүниеге келді;

1957 жылы белгілі бизнесмен, Қазақстан теннис федерациясының президенті Болат Өтемұратов туды. 

Ай күнтізбесі 

Ай Тауешкі белгісінде орналасады. Бүгін еңбегіңіздің жемісін көретін күн, сізді қаржылық тұрақтылық күтіп тұр. Ұсақ-түйек дүниелерге көңіл бөлудің қажеті жоқ. Керісінше, бүгінгі күнді өзіңізге арнаңыз – ұнаған затыңызды сатып алыңыз немесе кешкі асыңызды қымбат мейрамханада ішіңіз.

Жаңалықтар
0