Ресейдің Сахалин облысы Холмск қаласындағы мектептердің бірінде орыс тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі сабақ үстінде оқушы қыздың мектеп формасындағы жыртықты сынға алып, ұрысты.
"Ата-анаң бар ма? Бастары істей ме? Өзіңнің есің дұрыс па? Әлде сені асырап алған ба?", — дейді мұғалім оқушы қызға шүйлігіп.
Оқиғаны сол сабақта болған оқушылар видеоға түсіріп алыпты.
Астанада 70-тен асқан мұғалім оқушыларына қырындады
ASTV.ru порталы хабарлағандай, мектеп басшылығы ұстазбен әңгіме жүргізіп, мұғалім оқушы мен оның ата-анасынан кешірім сұраған. Ал бұл жайт енді ата-аналар жиналысында талқыланбақ екен.
Видео әлеуметтік желіде таралған соң Сахалин прокуратурасы тексерісті бастады.